«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамына әуе электр желісінің құрылысын жүргізу үшін сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 43, 67, 69, 119-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарынна негізінде Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамынаВЛ-220кВ электр желісінің құрылысын жүргізу үшін көлемі қосымшаға сәйкес 4,2263 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Несипбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі
Е. Қыдыралыұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.