Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәсихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген);
2) Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 «Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Алматы облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 24-117 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29076 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Қ. Байғоджаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.