«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 169 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 наурыз 2025 ж.

    «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 169 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 169 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауын;

    2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облысының әкімі

    Е. Қарашөкеев

    Жобаны ұсынушы:

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

    Қ. Көшенов

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «__» _________

    № ____ қаулысына қосымша

    Жамбыл облыс әкімдігінің

    2024 жылғы «5» шілдедегі

    № 169 қаулысына қосымша

    Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері

    Ауылшаруашылық өнімінің атауы
    Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
    Өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі (теңге/ килограмм)
    1.
    Шикі сүт
    Сары май
    52
    2.
    Шикі сүт
    Қатты ірімшік
    51
    3.
    Шикі сүт
    Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)
    45

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.