Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2025 ж.

    Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202505 болып тіркелген) Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Б. Исабаев

    Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы «___»___________ №_________қаулысына қосымша

    Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

    1. Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына сәйкес әзірленді және Жетісу облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

    2. Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

    3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

    1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;

    Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

    V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

    200 000 данаға дейін – 1,3;

    100 000 данаға дейін – 1,15;

    50 000 данаға дейін – 1;

    30 000 данаға дейін – 0,9;

    20 000 данаға дейін – 0,8;

    10 000 данаға дейін – 0,65;

    5 000 данаға дейін – 0,5;

    2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;

    Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

    V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

    15 000 данаға дейін – 1,2;

    10 000 данаға дейін – 1,1;

    8 000 данаға дейін – 1;

    5 000 данаға дейін – 0,9;

    3 000 данаға дейін – 0,8;

    1 000 данаға дейін – 0,7.

    4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

    Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

    V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

    Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

    айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

    айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

    айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

    айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

    айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

    5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;

    Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

    V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі

    Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

    6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;

    Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

    V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

    Жетісу облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымша

    Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары

    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    2024 жыл
    (тең­ге)
    2025 жыл (тең­ге)
    Ай­ыр­ма­шы­лы­ғы
    (- тең­ге)
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Вn)
    шар­шы см
    400
    400
    0
    2.
    Же­ті­су об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Вn)
    шар­шы см
    97
    97
    0
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (жур­нал) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bm)
    шар­шы см
    184
    184
    0
    4.
    Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар мә­се­ле­лер­ді жа­рия ете­тін ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Вi)
    таң­ба
    142
    90
    52
    5.
    Өңір­лік ма­ңы­зы бар мә­се­ле­лер­ді жа­рия ете­тін ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Вi)
    таң­ба
    38
    38
    0
    6.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле-ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
    ми­нут
    375 000
    350 000
    25 000
    7.
    Мін­дет­ті те­ле-ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Же­ті­су об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
    ми­нут
    10685
    10685
    0
    8.
    Же­ті­су об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын ра­дио­ар­на­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық бағ­дар­ла­ма­лар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Br)
    ми­нут
    15 000
    15 000
    0
    9.
    Же­ті­су об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын ра­дио­ар­на­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (аудио­ро­лик­ті дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Br)
    се­кунд
    570
    570
    0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.