«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Атырау өндірістік филиалының жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармағына және 69-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Атырау өндірістік филиалына (101041017528) газ құбырын жүргізу үшін берілген жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Атырау қаласы, АМӨЗ аумағынан жалпы ұзындығы 214 метр жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Нсанбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Ш. Кейкин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.