«Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16757 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесі:
келесі мазмұндағы 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51 және 52-жолдармен толықтырылсын:
«
|
№ р/с
|
Атауы
|
ЕАЭО СЭҚ ТН
бойынша тауардың коды
|
|
32
|
Күрделі полиэфирлерге, акрил немесе винил полимерлерге, синтетикалық полимерлерге немесе химиялық түрлендірілген табиғи полимерлерге негізделген, сулы емес ортада шашыратылған немесе ерiтiлген басқа да бояулар мен лактар (эмальдар мен политураларды қоса алғанда)
|
3208 10 900 0
3208 20 900 1
3208 20 900 9
3208 90 910 1
3208 90 910 9
3208 90 990 0
|
|
33
|
Акрил немесе винил полимерлерге, cинтетикалық полимерлерге немесе химиялық түрлендірілген табиғи полимерлерге негізделген, сулы ортада шашыратылған немесе ерiтiлген басқа да бояулар мен лактар (эмальдар мен политураларды қоса алғанда)
|
3209 10 000 1
3209 10 000 9
3209 90 000 0
|
|
34
|
Пластмассадан жасалған өзі жабысатын, рулонда немесе рулонда емес тақтайлар, табақтар, пленка, белдіктер, таспалар және өзге де жазық нысандар
|
3919 90 000 0
|
|
35
|
Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған 8701-8705 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарына арналған өзге де бұйымдар
|
4016 99 570 9
|
|
36
|
Химиялық тоқыма материалдардан жасалған өзге де мата кілемшелер мен өзге де тоқыма еден төсеніштері
|
5702 32 900 0
|
|
37
|
Моторлы көлік құралдарына арналған өзге де бекіту арматурасы, фурнитура және ұқсас бөлшектер
|
8302 30 000
|
|
38
|
Ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы бар желдеткішпен және аспаптармен жабдықталған ауаны баптауға арналған қондырғылар, соның ішінде моторлы көліктердегі адамдар үшін пайдаланылатын ылғалдылық бөлек реттелмейтін кондиционерлер
|
8415 20 000
|
|
39
|
Қозғалтқышы бар желдеткішпен және ауа температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған аспаптармен жабдықталған, ылғалдылығы бөлек реттелмейтін кондиционерлерді қоса алғанда, ауаны баптауға арналған қондырғылардың бөліктері
|
8415 90 000
|
|
40
|
Ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған өзге де кептіргіштер
|
8419 34 000 0
|
|
41
|
Ауыл шаруашылығына және бағбандыққа арналған суаруға арналған өзге де құрылғылар
|
8424 82 100 0
|
|
42
|
Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де шөмішті элеваторлар мен конвейерлер
|
8428 32 000 0
|
|
43
|
Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де ленталы элеваторлар мен конвейерлер
|
8428 33 000 0
|
|
44
|
Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де элеваторлар мен конвейерлер
|
8428 39 900 9
|
|
45
|
Өзге де ауыл шаруашылығына, бағбандыққа, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына және омарташылыққа арналған жабдықтар, соның iшiнде механикалық немесе жылытқыш құрылғылары бар тұқым өсiруге арналған жабдықтар; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер
|
8436 80 900 0
|
|
46
|
Тұқымды, астықты және құрғақ бұршақ дәндi дақылдарды тазартуға, сұрыптауға немесе iрiктеуге арналған машиналар;
|
8437 10 000 0
|
|
47
|
Аккумуляторларды зарядтауға арналған өзге де құрылғылар
|
8504 40 550 0
|
|
48
|
Өзге де статикалық өзгерткіштер
|
8504 40 910 0
|
|
49
|
Көлік құралдарында пайдаланылатын, дыбыс жазатын немесе дыбыс шығарғыш аппаратурамен бірге орнатылған, сыртқы қорек көзінсіз жұмыс істей алмайтын кең ауқымда хабар таратқыш радиоқабылдағыштар
|
8527 21
|
|
50
|
Өзге де түрлі түсті мониторлар
|
8528 59 900 9
|
|
51
|
8604 тауар позициясына кіретіндерді қоспағанда, сыртқы электр энергиясы көзінен қоректенетін өзге де жолаушылар, тауар немесе багаж моторлы теміржол немесе трамвай вагондары, ашық платформалар
|
8603 10 000 8
|
|
52
|
Моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын орындықтар
|
9401 20 000
».
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы
О. Сапарбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.