Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 33/382 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 наурыз 2025 ж.

    Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі №33/382 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 33/382 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4259 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген шешімге 2-қосымшада:

    4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) «Ақ желкен» тұрғын массивінде орналасқан автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 200 адам;

    2) 34 шағын аудандағы «Достық үйі» ғимараты жанындағы автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 100 адам;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы

    С. Закенов

    Ақтау қалалық мәслихатының

    2025 жылғы 13 наурыздағы

    № 20/127 шешіміне қосымша

    Ақтау қалалық мәслихатының

    2020 жылғы 10 шілдедегі

    №33/382 шешіміне 1 қосымша

    Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

    Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

    1) «Ақ желкен» тұрғын массивінде орналасқан автотұрақ алаңы;

    2) 34 шағын аудандағы «Достық үйі» ғимаратының жанындағы автотұрақ алаңы;

    3) 11А және 26 шағын аудандар арасындағы автотұрақ алаңы.

    Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін жүру маршруты: 14А шағын ауданнан 9А шағын ауданына дейін №7 автожолының бір бөлігі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.