Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі «Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы» № 79/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2025 ж.

    Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі «Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы» № 79/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі «Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы» № 79/1 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 4 қосымшаның 15-тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

    «28) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес ауданның елді мекендерінде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.»;

    көрсетілген қаулыға 5 қосымшаның 15-тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

    «35-1) ауданда балалардың ойын алаңдарында аттракциондарды, жабдықтарды пайдалану қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    С. Иманкулов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.