Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 наурыз 2025 ж.

    Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка ауылының аумағында жер пайдаланушылардан және жер иеленушілерден жер учаскелерін алып қоймай шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ефремовка ауылдық округінің әкімі

    С. Гапу

    Ефремовка ауылдық

    округі әкімінің 2025 жылғы

    «17» марта № 1-03-01

    шешіміне қосымша

    № р/н
    Пайдаланушы
    Ауданы, гектар
    Нысаналы мақсаты
    Пайдалану мерзімі (жыл)
    Жер учаскесінің орналасқан жері
    1
    «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
    0,0012
    телефон (кабель) канализациясының құбыр желісін жүргізу және пайдалану үшін
    49жыл
    Ефремовка ауылы, Ефремовка ауылдық округі, Павлодар ауданы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.