«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерінде:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін айқындайды»;
2-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) білім беру бағдарламаларының тізілімі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКОББ) әзірлеген ББ қамтитын білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектісі.»;
9-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 31666 тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігін бағалау.
Әкімші ББ-ның бастапқы сараптамасының нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) сараптама тобының қарауына жіберілсін;
2) себебін көрсете отырып, өтініш берушіге пысықтауға (екі рет) жіберілсін;
3) ББ алғашқы сараптамасында бас тартуға негіз анықталған жағдайда алдын ала қабылдаудан бас тарту жіберілсін.
Әкімші өтініш берушіні одан әрі сараптаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіні алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Әкімші өтініш берушіні тыңдау туралы сараптама жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) ББ пысықтауға жіберілсін (екі рет);»;
20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Өтініш беруші Әкімшінің бекіткен бағалар прейскуранты бойынша өтініш берушінің қаражаты есебінен ақылы негізде ББ сараптамасын жүргізуге мынадай жағдайларда өтінім береді:
1) бөлінген бюджет қаражатының болмауы;
2) қайта сараптама, қабылданбаған өтінім;
3) ТжКОББ ұйымының бастамасы бойынша.»;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларына, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздеріне 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 19 наурыздағы
№ 43 бұйрығына
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдары іске асыратын
білім беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының
тізіліміне енгізу және алып
тастау негіздеріне
Үлгі
Жалпы мәліметтер
|
Өтінімнің түскен күні
|
...
|
|
Өтінімнің нөмірі
|
...
|
|
ББ Тізілімде тіркелген күні
|
...
|
|
ББ тіркеу нөмірі
|
...
|
|
Білім беру бағдарламасының коды
|
...
|
|
Білім беру бағдарламасының жаңартылған күні
|
...
|
|
Өңір
|
...
|
|
ТжКОББ ұйымы
|
...
|
|
Әзірлеуші әріптес (жұмыс беруші)
|
...
|
|
Білім деңгейі
|
...
|
|
Даярлық бағыты
|
...
|
|
Даярлық мамандануы
|
...
|
|
ҰБШ бойынша деңгейі (Ұлттық біліктілік шеңбері)
|
...
|
|
Мамандық коды және атауы
|
...
|
|
Біліктілік(-тер) коды және атауы
|
...
|
|
Білім беру бағдарламасының мақсаты
|
...
|
|
Кәсіптік стандарт (бар болса)
|
...
|
|
Кәсіп карточкасы
|
...
|
|
Еңбек функциясы
|
...
|
|
Дағдылар
|
...
|
|
Білім
|
...
|
|
Машықтар
|
...
|
|
WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарты (бар болса)
|
...
|
|
Оқыту түрі
|
...
|
|
Білім базасы
|
...
|
|
Оқыту тілі
|
|
|
Кредиттердің жалпы көлемі
|
...
|
|
Индустриалдық (жұмыс берушілер) кеңес отырысының күні, хаттамасының №
|
...
|
|
Оқу-әдістемелік кеңесі отырысының кеңес отырысының күні, хаттамасының №
|
...
|
|
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері
|
...
|
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 19 марта 2025 года
№ 43 бұйрығына
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдары іске асыратын
білім беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу және алып тастау
негіздеріне 4-қосымша
Үлгі
Модульдердің (пәндердің) мазмұны мен көлемі
|
№
|
Модульдер (пәндер)
|
Модульдердің (пәндердің) қысқаша сипаттамасы
|
Оқыту нәтижелері
|
Модульдер (пәндер) бойныша кредиттер саны
|
Модульдер (пәндер) бойныша сағаттар саны
|
Қорытынды бақылау нысаны (емтихан/сынақ)
|
Құзыреттер индексі
|
|
Жалпы білім беретін пәндер модулі/ жалпы білім беретін пәндер
|
|||||||
|
1
|
Жалпы білім беретін пәндер 1. ...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
2
|
Жалпы білім беретін пәндер 2. ...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
Жалпыға міндетті модульдер /жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер
|
|||||||
|
...
|
Жалпыға міндетті модульдер 1. (жалпы гуманитарлық пәндер 1)...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
...
|
Жалпыға міндетті модульдер ... (әлеуметтік-экономикалық пәндер...) ...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
||
|
...
|
|||||||
|
Базалық модульдер/ жалпы кәсіптік пәндер
|
|||||||
|
Базалық модульдер 1(жалпы кәсіптік пәндер 1.)
|
|||||||
|
…
|
|||||||
|
Базалық модульдер ... (жалпы кәсіптік пәндер …)
|
|||||||
|
…
|
|||||||
|
Кәсіптік модульдер / арнайы пәндер)
|
|||||||
|
...
|
Кәсіптік модульдер 1. (арнайы пәндер 1.)
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
...
|
Кәсіптік модульдер. (арнайы пәндер )
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
...
|
|
|
...
|
|||||||
|
...
|
Аралық аттестаттау
|
...
|
...
|
||||
|
...
|
Қорытынды аттестаттау
|
...
|
...
|
||||
|
...
|
Факультативтер
|
...
|
...
|
||||
|
...
|
Консультациялар
|
...
|
...
|
||||
|
...
|
Өзіндік жұмыс
|
...
|
...
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.