«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 11-1-4/214 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 наурыз 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 11-1-4/214 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 11-1-4/214 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32459 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада көрсетілген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы

    А. Рахметуллин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.