Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 және «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 және «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

    1) «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

    1-тармақ мынадай мазмұндағы 78) тармақшамен толықтырылсын:

    «78) Қаракеңгір өзеніндегі Кеңгір су қоймасы.»;

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.