«Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/188 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3699 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
2 тармақта:
1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;»;
4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы
А.Байбатырова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.