«Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/189 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 шілде 2025 ж.

    «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/189 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3698 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

    2 тармақта:

    1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;»;

    4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    А.Байбатырова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.