«Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 ақпан 2025 ж.

    «Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.«Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28586 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

    Облыс әкімі

    С. Шәпкенов

    Атырау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 28 наурыздағы

    № 51 қаулысына

    қосымша

    Атырау облысы әкімдігінің

    2022 жылғы «22» маусымдағы

    № 141 қаулысына

    қосымша

    Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымда рындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны
    Бір айда бір тәрбиеленушіге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру (шығындардың орташа бағасы) мөлшері (теңге)
    Ауылдық жердегі жалпы міндеттегі топтар
    Қалалық жердегі жалпы міндеттегі топтар
    Түзету үлгісіндегі топтардың тәрбиеленушілері
    Туберкулез, аллергия ауруларымен, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтардың тәрбиеленушілері
    Мектепке дейінгі жарты күн болатын шағын орталықтар
    ауыл
    қала
    ауыл
    қала
    ауыл
    қала
    1
    34 128
    62 027
    55 659
    113 429
    100 163
    93 928
    83 315
    27 380
    24 550

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.