2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2025 ж.

    2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-5) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    С. Шәпкенов

    Атырау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 18 наурыздағы

    № 60 қаулысына қосымша

    Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық- педагогикалық қолдаудың 2025 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Мамандар
    Жеке сабақ (1 сағат, теңге)
    Кіші топ сабақтары (1 сағат, теңге)
    Топтық сабақтары (1 сағат, теңге)
    ауыл
    қала
    ауыл
    қала
    ауыл
    қала
    Психолог
    8193
    6937
    2884
    2465
    1367
    1187
    Логопед
    8657
    7320
    3038
    2593
    1433
    1242
    Дефектолог
    8815
    7450
    3091
    2636
    1455
    1260
    Олигофренопедагог
    8994
    7597
    3150
    2685
    1481
    1282
    Инструктор ЛФК
    8182
    6942
    2929
    2516
    1428
    1251

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.