«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 наурыз 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

    реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «30. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).»;

    реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «32. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының президенті (келісу бойынша).»;

    реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «40. Хикметов Асқар Құсыпбекұлы – «Astana IT University» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы – ректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).»;

    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-жолмен толықтырылсын:

    «49. Ахмад Вакар – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының президенті (келісу бойынша).».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.