«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2025 ж.

    «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнайы оқу орнына қабылдау қағидаларындағы:

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Қысқартылған оқу мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша оқуға кандидаттың оқу істерін жұмыс орны бойынша кадр қызметі қалыптастырады және оқуға қабылдайтын жылдың 1 шілдесіне дейін ТЖМ-ның арнаулы оқу орнына жібереді.

    Оқу істерінде, мыналар:

    1) қызметкердің баянаты (еркін нысанда);

    2) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

    3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездеме (еркін нысанда);

    4) жеке куәлігінің көшірмесі;

    5) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

    6) мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды қоспағанда, ҰБТ сертификаты;

    7) өлшемі 3х4 см. алты фотосуреті болады.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша оқуға кандидаттар әңгімелесуден өтеді.

    Әңгімелесу Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы» білуін тексеру үшін өткізіледі.

    Қызметтегі АҚО қызметкерлері қатарынан оқуға кандидаттар медициналық куәландырудан және дене шынықтыру дайындығын тексеруден босатылады.

    Мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен азаматтар қатарынан оқуға кандидаттар дене шынықтыру даярлығын тексеруден босатылады.»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі ведомостердегі деректердің негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомосі толтырылады, ол ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.

    Жиынтық ведомосте кандидаттың дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсырғаны туралы мәліметтер қамтылады, олар кандидаттардың назарына жеткізіледі және ТЖМ арнаулы оқу орнының ақпараттық стендінде ілінеді, сондай-ақ кандидаттың соңғы норматив тапсырған күні ТЖМ арнаулы оқу орнының интернет-ресурсында орналастырылады.»;

    30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «30. ТЖМ арнаулы оқу орнына қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурс бойынша жүргізіледі.»;

    2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 18 наурыздағы

    № 93

    1 бұйрығына қосымша

    Жоғары білімнің білім беру

    бағдарламаларын іске асыратын

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрлігінің

    арнаулы оқу орнына оқуға

    қабылдау қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Қабылдау комиссиясының кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы № ___ хаттамасы

    20__жылғы «___» _____
    _______ қаласы
    Қабылдау комиссиясының құрамы:
    қабылдау комиссиясының төрағасы:
    қабылдау комиссиясының мүшелері:
    хатшысы:
    оқуға кандидаттардың материалдарын қарап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Ту­ған жы­лы
    ұл­ты
    бі­лі­мі
    Бі­тір­ген жы­лы
    Аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­рын­да, Қа­ру­лы Кү­ш­тер­де қыз­мет ету
    Қа­был­дау нәти­же­ле­рі
    Ме­ди­ци­на­лық көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
    Кә­сі­би-пси­хо­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
    Дене шы­нық­ты­руы­ның көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша
    ҰБТ нәти­же­ле­рі
    Жал­пы балл
    Қа­зақ­стан та­рихы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    Кестенің жалғасы
    Қа­был­дау нәти­же­ле­рі
    Ат­те­стат­тың/ди­плом­ның ор­та­ша ба­лы
    Жа­сақ­та­у­шы ор­ган
    Же­ңіл­дік­тер
    Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мі
    ҰБТ нәти­же­ле­рі
    Ма­те­ма­ти­ка­лық са­у­ат­ты­лық
    Оқу са­у­ат­ты­лы­ғы (оқу ті­лі)
    1-Кә­сі­би пән
    (Ма­те­ма­ти­ка)
    2-Кә­сі­би пән
    (Фи­зи­ка)
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    Қабылдау комиссиясының төрағасы:
    Қабылдау комиссиясының мүшелері:
    Хатшысы:

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 18 наурыздағы

    № 93

    2 бұйрығына қосымша

    Жоғары білімнің білім беру

    бағдарламаларын іске асыратын

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрлігінің

    арнаулы оқу орнына оқуға

    қабылдау қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі ВЕДОМОСІ

    20__жылғы «___» _____
    _______ қаласы
    спорттық жаттығулардың аталған түрі бойынша ______________________. (спорттық жаттығудың түрі)
    Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
    Бастапқы нөмір
    Жаттығудың нәтижесі
    Баға
    (балл)
    Кандидаттың қолы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері:
    * «кандидаттың қолы» (қол қоюдан бас тартқан жағдайда «қол қоюдан бас тартты» деген белгі қойылады).

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 18 наурыздағы

    № 93

    3 бұйрығына қосымша

    Жоғары білімнің білім беру

    бағдарламаларын іске асыратын

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрлігінің

    арнаулы оқу орнына оқуға

    қабылдау қағидаларына

    6-қосымша

    Нысан

    Апелляциялық комиссияның № ___ хаттамасы

    20__жылғы «___» _____
    _______ қаласы
    Апелляциялық комиссия келесі құрамда:
    қабылдау комиссиясының төрағасы:
    қабылдау комиссиясының мүшелері:
    хатшысы:
    Кандидаттардың апелляция туралы өтінішін және апелляциямен қайта тапсырылған дене шынықтыру бойынша спорттық жаттығулардың нәтижелерін қарап, төменде көрсетілген спорттық жаттығу түрлері бойынша мынадай баға қоюды шешті:______________________________________.
    (спорттық жаттығудың түрі)
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Ба­стап­қы нө­мір
    Жат­тығ­у­дың нәти­же­сі
    Ба­ға (балл)
    Кан­ди­дат­тың қо­лы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Аппеляциялық комиссияның мүшелері:

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.