«Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 наурыз 2025 ж.

    «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Медициналық қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

    9 және 10 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын басқару, медициналық ұйымда сапа менеджменті мен стандарттауды ұйымдастыру, ішкі сараптаманы, оның ішінде клиникалық аудитті ұйымдастыру және жүргізу үшін меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымда пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі (бұдан әрі – қызмет) құрылады.

    Қызметті тікелей бағынатын және медициналық ұйымның бірінші басшысы лауазымға тағайындайтын басшы басқарады, сондай-ақ медициналық ұйымның бірінші басшысының қалауы бойынша медициналық көмектің сапасы жөніндегі бірінші басшының орынбасары лауазымы бекітіледі.

    Қызметтің құрылымы мен құрамын көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі, бейіні, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін қуаты, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін бекітілген халықтың саны ескеріле отырып, медициналық ұйымның басшысы бекітеді.

    Денсаулық сақтау субъектісінде бекітілген халық болмаған кезде қызметтің құрылымы мен құрамы медицина қызметкерлерінің санын және (немесе) көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін ескере отырып бекітіледі.

    Штаттық құрылымы 5 бірліктен аспайтын Денсаулық сақтау субъектілерінде қызмет функциясы бірінші басшыға жүктеледі.

    Қызмет медициналық ұйымның бірінші қабатында орналасқан тұрақты жұмыс істейтін сенім телефонымен және азаматтарды қабылдау кабинетімен қамтамасыз етіледі.

    Сенім телефонының жұмыс істеуі туралы ақпарат медициналық ұйымның ресми сайтында және интернет платформаларда, сондай-ақ күту залдарында (залдарда), тіркеу орындарында және дәрігерлер кабинеттерінде көрнекті жерде орналастырылады.

    10. Қызмет сараптама жүргізеді:

    1) стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін ұйымдарда айына емделген жағдайлардың кемінде 15% - ы, сондай-ақ барлық жағдайлар:

    бейінді емес госпитализация жағдайлары;

    шұғыл емдеуге жатқызудан бас тарту саны;

    стационардан шығарылғаннан кейін МСАК-қа берілген активтердің саны, сондай-ақ шұғыл емдеуге жатқызудан бас тарту (100%);

    өлім-жітім;

    асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі;

    ауруханаішілік;

    сапасыз алдыңғы емнің салдарынан бір ай ішінде бір ауру бойынша қайта емдеуге жатқызу;

    емдеу мерзімін ұзарту немесе қысқарту;

    клиникалық және патологиялық диагноздардың сәйкессіздіктері;

    негізсіз ауруханаға жатқызу;

    Жүргізілген гемотрансфузия жағдайларының 20%.

    2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда:

    айына кемінде 10% сараптама:

    жұқпалы ауруларға қарсы иммундауға жататын адамдардың емделген жағдайлары, амбулаториялық карталары;

    сондай-ақ барлық жағдайлар:

    ана өлімі;

    0 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда үйде қайтыс болу;

    аурудан еңбекке қабілетті жастағы адамдардың үйде қайтыс болуы;

    уақтылы вакцинацияланбаған немесе жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияланбаған;

    жүкті және жаңа туған нәрестелерге патронаждық бару (100%);

    стационарлық емдеуге жатқызуды талап етпейтін жіті аурулар кезінде балаларды үйде бақылау;

    емдеудің тиімділігі және химиотерапиядан кейінгі бақылау реакциясын талдау;

    онкологиялық аурулар мен туберкулездің дамыған түрлері;

    еңбекке қабілетті жастағы адамдардың мүгедектікке алғашқы шығу жолы;

    алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар деңгейінде басқарылатын жүктіліктің асқынулары;

    стационардан шығарылғаннан кейін пациенттерді (балалар, босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер), қан айналымы жүйесінің аурулары бар пациенттерді (инсульт пен инфаркттан кейін) бақылау.

    3) жедел медициналық жәрдем ұйымдарында тоқсан ішінде қызмет көрсетілген шақырулардың кемінде 10% медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама, оның ішінде барлық жағдайлар:

    стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйыммен емдеуге жатқызудан бас тартқаннан кейін пациентке шығу;

    медициналық құжаттамада, оның ішінде пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қойған электрондық нысанда жазумен ресімделген ықтимал салдарларды көрсете отырып, медициналық көмектен бас тартудың;

    пациенттің не оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуына қол қоюдан бас тартуы, бұл туралы медициналық құжаттамада, оның ішінде медицина қызметкері қол қойған электрондық нысанда тиісті жазбасы бар;

    жағдайларды қоспағанда, бірінші шақырылған сәттен бастап бір тәулік ішінде бір ауруға қайта шақырулар:

    қоңыраулардағы өлім: бригада келгенге дейінгі өлім, бригаданың қатысуымен өлім;

    медициналық құжаттарда, оның ішінде электрондық форматта жазумен ресімделген және пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қойған ықтимал салдарларды көрсете отырып, медициналық көмектен бас тартудың;

    4) қалпына келтіру лечения және медициналық оңалту ұйымдарында-тоқсан сайын барлық жағдайлар:

    өлім-жітім;

    аурухана ұйымдарына ауыстыру;

    емдеу мерзімін ұзарту немесе қысқарту;

    жедел медициналық жәрдем шақыруларының саны;

    жіті аурулар пайда болған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету;

    аурухана жарақаты;

    ауруханаішілік инфекциялар.

    5) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету ұйымдарында-тоқсан сайын барлық жағдайлар:

    өлім-жітім;

    ауруханаішілік инфекциялар;

    аурухана жарақаты;

    6) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда тоқсанына донорлардың медициналық карталарының кемінде 20% медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізіледі, сондай-ақ «Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 140/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21478 болып тіркелген) сақталуына бақылау және гемотрансмиссивті инфекциялар маркерлеріне (АИТВ, В және С гепатиттері) құю алдында реципиентті тексеруге арналған барлық жағдайларға жүргізіледі.»;

    13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «13. Қызмет медициналық оқыс оқиғаның басталу фактілерін және сақтандыру жағдайларын есепке алу және ағымдағы талдауды жүргізеді, оның нәтижелері медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізіліміне «Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 26 маусымдағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 34606 болып тіркелген) сәйкес енгізеді.

    Қызмет «Медициналық оқыс оқиға жағдайларын (оқиғаларды) айқындау, оларды есепке алу және талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-147/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21511 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-147/2020 бұйрығы) сәйкес медициналық оқыс оқиға жағдайларының есебін жүргізеді және оқиғаның әрбір жағдайы (оқиғасы) туралы анықтаманы (жиынтық ақпаратты) жібереді.»;

    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Қызмет зерттейді:

    1) осы медициналық ұйымда медициналық көмек көрсету стандарттарына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес бекітілген Ішкі индикаторлар, оның ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған индикаторлар (осы нақты бейінге қолдану мүмкіндігіне сәйкес);

    2) түзету шараларының жоспарлары және олардың сараптамадан өткен нәтижелер бойынша орындалуы;

    3) клиникалық аудиторлардың қорытындылары;

    4) пациенттерге сауалнама жүргізу және сұхбат беру нәтижелері, өтініштер бойынша жұмыс нәтижелері;

    5) № ҚР ДСМ - 147/2020 бұйрығына сәйкес медициналық инциденттерді талдау нәтижелері.

    6) интернет платформаларда орналастырылған ресми көздердің, сенім телефонының байланыс нөмірлерінің құралдары бойынша халықтың қызметке қолжетімділігін талдау нәтижелері.

    7) азаматтарды қабылдау кабинетінің жұмыс тиімділігі мен қолжетімділігін, орналасуын талдау;

    8) тәуекелдерді басқару жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы;

    9) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің бар (жоқ) екендігі туралы тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, медициналық инцидент деп танылған жағдайлардың санын немесе пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің барын сақтандыру төлемінің саны мен сомасын көрсете отырып өтініштерін талдау.

    Талдау нәтижелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің және жалпы медициналық ұйымның қызметі бағаланады.»;

    мынадай редакциядағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:

    «25-1. Қызмет басшысы немесе Медициналық көмектің сапасы жөніндегі бірінші басшының орынбасары осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес қызмет жұмысының тиімділік индикаторларына қол жеткізуді бағалау жолымен қызмет жұмысын бағалайды.»;

    36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «36. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары медициналық қызметтердің (көмектің) сапасының сыртқы сараптамасын және денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу медициналық ұйымдарға, оның ішінде тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг шеңберінде осы Қағидаларға және «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28054 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-43 бұйрық) сәйкес жүргізеді.»;

    осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-2-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.

    Е. Нурлыбаев

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің м.а.

    2025 жылғы 14 наурыздағы

    № 21 Бұйрығына

    қосымша

    Медициналық көрсетілетін

    қызметтер (көмек) сапасына

    ішкі және сыртқы сараптамаларды

    ұйымдастыру мен жүргізу

    қағидаларына 1-2-қосымша

    Па­ци­ент­тер­ді қол­дау және іш­кі са­рап­та­ма қыз­ме­ті­нің жұ­мысын ба­ға­лау шең­бе­рін­де­гі ти­ім­ді­лік ин­ди­ка­тор­ла­ры
    Ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Ақ­па­рат­тың ке­зең­ді­лі­гі
    Ақ­па­рат кө­зі
    Шек­ті мәні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    Ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы­на жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­лар
    1.1.
    Ста­ци­о­нар­лық неме­се ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар­да
    1.1.1
    Ем­дел­ген жағ­дай­лар­ға жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі
    %
    Ай сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    ке­мін­де 15%
    1.1.2
    Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі:
    бей­ін­ді емес гос­пи­та­ли­за­ция жағ­дай­ла­ры;
    шұ­ғыл ем­де­у­ге жат­қы­зу­дан бас тар­ту са­ны;
    ста­ци­о­нар­дан шы­ға­ры­л­ған­нан кей­ін МСАК-қа бе­рі­л­ген ак­тив­тер­дің са­ны, сон­дай-ақ шұ­ғыл ем­де­у­ге жат­қы­зу­дан бас тар­ту;
    өлім-жі­тім;
    ас­қы­ну­лар, оның ішін­де опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі;
    ау­ру­ха­на­і­ші­лік;
    са­па­сыз ал­дың­ғы ем­нің сал­да­ры­нан бір ай ішін­де бір ау­ру бой­ын­ша қай­та ем­де­у­ге жат­қы­зу;
    ем­деу мер­зі­мін ұзар­ту неме­се қы­сқар­ту;
    кли­ни­ка­лық және па­то­ло­ги­я­лық ди­а­гноз­дар­дың сәй­кес­сіз­дік­те­рі;
    негіз­сіз ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу;
    %
    Ай сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    100 %
    1.1.3
    Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі:
    жүр­гі­зі­л­ген ге­мот­ранс­фу­зия жағ­дай­ла­ры­нан
    %
    Ай сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    20%
    1.2
    Ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар­да:
    1.2.1
    Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі:
    жұқ­па­лы ау­ру­лар­ға қар­сы им­мун­да­у­ға жа­та­тын адам­дар­дың ем­дел­ген жағ­дай­ла­ры, ам­бу­ла­то­ри­я­лық кар­та­ла­ры
    %
    Ай сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    ке­мін­де 10 %
    1.2.2
    Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі:
    ана өлі­мі;
    0 жастан 5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ды қо­са ал­ған­да үй­де қай­тыс бо­лу;
    ау­ру­дан ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жас­та­ғы адам­дар­дың үй­де қай­тыс бо­луы;
    уақ­ты­лы вак­ци­на­ци­я­лан­ба­ған неме­се жұқ­па­лы ау­ру­лар­ға қар­сы вак­ци­на­ци­я­лан­ба­ған;
    жүк­ті және жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге па­т­ро­на­ж­дық ба­ру (100%);
    ста­ци­о­нар­лық ем­де­у­ге жат­қы­зу­ды та­лап ет­пей­тін өт­кір ау­ру­лар ке­зін­де ба­ла­лар­ды үй­де ба­қы­лау;
    ем­де­удің ти­ім­ді­лі­гі және хи­мио­те­ра­пи­ядан кей­ін­гі ба­қы­лау ре­ак­ци­я­сын тал­дау;
    он­ко­ло­ги­я­лық ау­ру­лар мен ту­бер­ку­лез­дің да­мы­ған түр­ле­рі;
    ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жас­та­ғы адам­дар­дың мү­ге­дек­тікке ал­ғаш­қы шы­ғу жо­лы;
    ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық-са­ни­тар­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар дең­гей­ін­де бас­қа­ры­ла­тын жүк­ті­лік­тің ас­қы­ну­ла­ры;
    ста­ци­о­нар­дан шы­ға­ры­л­ған­нан кей­ін па­ци­ент­тер­ді (ба­ла­лар, босан­ған­нан кей­ін­гі ке­зең­де­гі әй­ел­дер), қан ай­на­лы­мы жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры бар па­ци­ент­тер­ді (ин­сульт пен ин­фаркт­тан кей­ін) ба­қы­лау.
    %
    Ай сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    100 %
    1.3
    Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем ұй­ым­да­рын­да ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің (кө­мек­тің)са­па­сы­на са­рап­та­ма
    1.3.1
    Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі:
    қыз­мет көр­се­ті­л­ген қо­ңы­ра­у­лар
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    ке­мін­де 10%
    1.3.2
    Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі:
    ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­мен ем­де­у­ге жат­қы­зу­дан бас тар­тқан­нан кей­ін па­ци­ент­ке шы­ғу;
    ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­да, оның ішін­де па­ци­ент не оның заң­ды өкі­лі, сон­дай-ақ ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рі қол қой­ған элек­трон­дық ны­сан­да жа­зу­мен ре­сім­дел­ген ық­ти­мал сал­дар­лар­ды көр­се­те оты­рып, ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тен бас тар­ту­дың;
    па­ци­ент­тің не оның заң­ды өкі­лі­нің ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тен бас тар­туы­на қол қо­ю­дан бас тар­туы, бұл ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­да, оның ішін­де ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рі қол қой­ған элек­трон­дық ны­сан­да ти­іс­ті жа­з­ба­сы бар;
    жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, Бі­рін­ші ша­қы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап бір тәу­лік ішін­де бір ау­ру­ға қай­та ша­қы­ру­лар:
    қо­ңы­ра­у­лар­да­ғы өлім: бри­га­да кел­ген­ге дей­ін­гі өлім, бри­га­да­ның қа­ты­суы­мен өлім;
    ме­ди­ци­на­лық құ­жат­тар­да, оның ішін­де элек­трон­дық фор­мат­та жа­зу­мен ре­сім­дел­ген және па­ци­ент не оның заң­ды өкі­лі, сон­дай-ақ ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рі қол қой­ған ық­ти­мал сал­дар­лар­ды көр­се­те оты­рып, ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тен бас тар­ту;
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    100 %
    1.4
    Қал­пы­на кел­ті­ру ле­че­ния және ме­ди­ци­на­лық оңал­ту ұй­ым­да­рын­да
    1.4.1
    Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі:
    өлім-жі­тім;
    ау­ру­ха­на ұй­ым­да­ры­на ауы­сты­ру;
    ем­деу мер­зі­мін ұзар­ту неме­се қы­сқар­ту;
    же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем ша­қы­ру­ла­ры­ның са­ны;
    жі­ті ау­ру­лар пай­да болған кез­де ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту;
    ау­ру­ха­на жа­ра­қа­ты;
    ау­ру­ха­на­і­ші­лік ин­фек­ци­я­лар.
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    100%
    1.5
    Пал­ли­а­тив­тік кө­мек және мей­ір­гер­лік кү­тім көр­се­ту ұй­ым­да­рын­да
    1.5.1
    Жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі:
    өлім-жі­тім;
    ау­ру­ха­на­і­ші­лік ин­фек­ци­я­лар;
    ау­ру­ха­на жа­ра­қа­ты
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    100%
    1.6
    Қан қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­да
    1.6.1
    До­нор­лар кар­та­ла­ры­на жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі және қан­ды, оның ком­по­нент­те­рін дай­ын­дау, өң­деу, са­па­сын ба­қы­лау, сақ­тау, өт­кі­зу қа­ғи­да­ла­рын, сон­дай-ақ қан­ды, оның ком­по­нент­те­рін құю қа­ғи­да­ла­рын сақ­тау
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    ке­мін­де 20%
    1.6.2
    Ге­мот­ранс­мис­сив­ті ин­фек­ци­я­лар­дың (АИТВ, В және С ге­па­тит­те­рі) мар­кер­ле­ріне құю ал­дын­да ре­ци­пи­ент­ті тек­се­ру­ге жүр­гі­зі­л­ген са­рап­та­ма­лар­дың үле­сі.
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Қыз­мет бас­шы­сы­ның неме­се бі­рін­ші бас­шы­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің са­па­сы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры­ның есе­бі
    100%
    2.
    Бар­лық ұй­ым­дар үшін бас­қа функ­ци­о­нал­дық қыз­мет­тер бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­лар
    2.1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да ай­қын­дал­ған уа­қыт ке­зе­ңі ішін­де уақ­ты­лы және объ­ек­тив­ті қа­рал­ған өті­ніш­тер­дің үле­сі
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Өті­ніш­тер­ді есеп­ке алу жур­на­лы (бар бол­са), «Е-Otinish» аза­мат­тар­дың бар­лық өті­ніш­те­рін қа­был­дау мен өң­де­удің бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы ( бар бол­са), Call-ор­та­лық (бар бол­са), бі­рін­ші бас­шы­ның бло­гы және сайт (бар бол­са), ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның элек­трон­дық по­шта­сы (бар бол­са)
    Ин­ди­ка­тор­ды 100%-ға жет­кі­зу
    2.2
    ТСК оты­ры­ста­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру жағ­дайы деп та­ны­л­ған өті­ніш­тер­дің үле­сі Қыз­мет­тің ТСК-ға жі­бер­ген өті­ніш­те­рі­нің жал­пы са­ны­нан
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    ТСК оты­ры­сы­на өті­ніш­ті жі­бе­ру ту­ра­лы негіз­де­ме­сі бар Қыз­мет­тің ұсы­ным­да­ры
    Ин­ди­ка­тор­дың мәні ке­мін­де 50 құ­рай­ды %
    2.3
    ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру нәти­же­сін­де па­ци­ент­тер­дің не оның жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның), жа­қын туы­ста­ры­ның неме­се заң­ды өкіл­де­рі­нің ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру нәти­же­сін­де па­ци­ент­тің өмі­рі мен ден­са­улы­ғы­на зи­ян кел­ті­ру фак­ті­сі­нің бар (жоқ) екен­ді­гі ту­ра­лы тәу­ел­сіз са­рап­та­ма ко­мис­си­я­сы­ның қо­ры­тындыс­ы­мен кел­іс­пе­ген жағ­дай­да, ме­ди­ци­на­лық ин­ци­дент деп та­ны­л­ған жағ­дай­лар­дың са­нын неме­се па­ци­ент­тің өмі­рі мен ден­са­улы­ғы­на зи­ян кел­ті­ру фак­ті­сі­нің ба­рын сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің са­ны мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып өті­ніш­те­рін тал­дау
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    ТСК қо­ры­тын­ды­ла­ры, сақ­тан­ды­ру ұй­ым­да­ры­нан алын­ған ақ­па­рат
    100%
    2.4
    Ме­ди­ци­на­лық оқыс оқи­ға және сақ­тан­ды­ру жағ­дай­ла­ры­ның ба­ста­лу фак­ті­ле­рін есеп­ке алу және ағым­да­ғы тал­дау
    %
    Ай сай­ын
    МАЖ (КМАЖ, СНЭТ АЖ), есеп­ті де­ректер, опе­ра­ци­я­лар мен ма­ни­пу­ля­ци­я­лар­ды есеп­ке алу ны­са­ны
    Ин­ди­ка­тор­дың мәні 100 %-ға ұм­ты­ла­ды
    2.5
    Па­ци­ент­тер­дің ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің (кө­мек­тің)дең­гейі мен са­па­сы­на қа­на­ғат­та­ну дә­ре­же­сін анық­тау
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Са­у­ал­на­ма нәти­же­ле­рі (қа­ғаз және элек­трон­дық)
    Ин­ди­ка­тор­дың мәні ке­мін­де 80 құ­рай­ды %
    2.6
    Іш­кі аудит қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің (кө­мек­тің) са­па­сын тө­мен­де­ту­дің анық­тал­ған се­беп­те­рі мен жағ­дай­ла­рын жою бой­ын­ша қыз­мет­тің ен­гі­зі­л­ген ұсы­ным­да­ры мен ұсы­ны­ста­ры­ның үле­сі
    %
    Ай сай­ын
    Іш­кі аудит қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің (кө­мек­тің) са­па­сын тө­мен­де­ту­дің анық­тал­ған се­беп­те­рі мен жағ­дай­ла­рын жою жө­нін­де­гі қыз­мет­тің ұсы­ным­да­ры мен ұсы­ны­ста­ры
    Ин­ди­ка­тор­дың мәні ке­мін­де 75 құ­рай­ды %
    2.7
    Тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жө­нін­де­гі бағ­дар­ла­ма­ның/ жос­пар­дың орын­да­луын мо­ни­то­ринг­теу
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Бе­кі­ті­л­ген тәу­е­кел­дер ті­зі­лі­мін қам­ти­тын тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жө­нін­де­гі бағ­дар­ла­ма­ны орын­дау жө­нін­де­гі ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның бі­рін­ші бас­шы­сы­ның есе­бі
    ке­мін­де 50 %
    2.8
    Өті­ніш­тер­ге қа­ты­сты Ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар­дың ұсы­ным­да­рын орын­дау пай­ы­зы
    %
    Тоқ­сан сай­ын
    Ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар­дың ұсы­ным­да­ры (анық­та­ма­лар, ак­ті­лер, мо­ни­то­ринг қо­ры­тын­ды­ла­ры, нұс­қа­ма)
    Ин­ди­ка­тор­дың мәні 100-ге ұм­ты­ла­ды %
    Ескертпе:
    1. СНЭТ АЖ – «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі
    2. МАЖ – медициналық ақпараттық жүйелер
    3. ТСК – тәуелсіз сараптама комиссиясы
    4. КМАЖ – кешенді медициналық ақпараттық жүйе

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.