Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 27 маусым 2025 ж.
Ұлан ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365 – бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлан ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы
Г. Калиева
Ұлан аудандық мәслихатының
2025 жылғы «18» наурыздағы
№ 210 шешіміне
қосымша
Ұлан ауданы тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
|
№ р/с
|
Атауы
|
Есептеу бірлігі
|
Теңге (Қосылған құн салығынсыз)
|
Қызмет құны, теңге
(ҚҚС)
|
|
1
|
Абаттандырылған үйлер
|
тұрғын/айына
|
788,81
|
883
|
|
2
|
Абаттандырылмаған үйлер
|
тұрғын/айына
|
747,61
|
837
|
|
3
|
Заңды тұлғалар үшін бірлікке(көлемге)жылдық тариф
|
1 м3
|
3532,00
|
3955,37
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.