Бәйтерек ауданы әкімінің «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 13 мамырдағы № 334 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 наурыз 2025 ж.

    Бәйтерек ауданы әкімінің «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 13 мамырдағы № 334 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бәйтерек ауданы әкімінің «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 13 мамырдағы №334 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5661 тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    реттік нөмірі 36, 44 жол жаңа редакцияда жазылсын:

    "

    36
    № 197
    Жайық ауылы.
    Жайық ауылы, №3 көшесі №20 ғимарат, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Жайық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
    ";
    "
    44
    № 205
    Садовое ауылы.
    Садовое ауылы, Арман көшесі № 2А ғимарат, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
    ".
    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі

    М. Токжанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау

    комиссиясы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.