«Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 31 қазандағы № 172-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 наурыз 2025 ж.

    «Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 31 қазандағы № 172-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 31 қазандағы № 172-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы Ережеде:

    13-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «3-1) функционалдық қызметі Министрліктің реттелетін салаларына кіретін ұйымдардың;»;

    16-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

    «16. ҒТК жұмысын Жұмыс органы ұйымдастырады. ҒТК-нiң жұмыс органы «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы болып табылады.».

    2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Н. Нұржігітов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.