«Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Мұғалжар ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 213 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 - бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Мұғалжар ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 213 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7323 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі
Д. Ермаганбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.