«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 наурыз 2025 ж.

    «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 14-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы

    А. Султанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму,

    инновациялар және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 14 наурыздағы

    № 82 бұйрығына

    1- қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің

    2020 жылғы 1 қазандағы

    № 301 бұйрығына

    4-қосымша

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

    2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

    3) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендер жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган;

    4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

    5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

    6) пайдаланушының «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталының құрамдасы;

    7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

    8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдердері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

    4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші/Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

    Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

    елді мекеннің шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:

    1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

    2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;

    3) 1 (бір) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішті тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ), ал аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі – жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ) жібереді.

    4) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;

    5) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.

    Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ көрсетілетін қызметті берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;

    6) келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ҚБ ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытындыны дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімнің жобасын дайындау үшін жолдайды;

    7) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытынды келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;

    8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;

    9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін курьер арқылы беруге жібереді;

    10) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады;

    елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:

    1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

    2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;

    3) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;

    4) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;

    5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.

    Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;

    6) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді;

    7) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;

    8) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды;

    9) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы негізінде қабылданады;

    10) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;

    11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартымен қоса курьер арқылы беруге жібереді;

    12) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.

    7. Порталға жүгінген кезде:

    елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:

    1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті тиісті ҚБ-ға жібереді;

    3) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;

    4) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.

    Келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол ҚБ-ға келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тарту жолданады;

    5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жобасын дайындау үшін жіберіледі;

    6) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;

    7) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім негізінде жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;

    8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді;

    елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:

    1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;

    3) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;

    4) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.

    Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;

    5) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді;

    6) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;

    7) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін дайындайды;

    8) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның негізінде қабылданады;

    9) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;

    10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді.

    8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

    Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалымды хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚБ/жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

    Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

    11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

    Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган –тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

    15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Жер учаскесінің нысаналы

    мақсатын өзгертуге шешім беру»

    мемлекеттік қызметін көрсету

    қағидаларына 1-қосымша

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, кент­тер, ауыл­дар, жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша ауыл­дық округ­тер әкім­де­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы;
    2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал);
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    1) ел­ді ме­кен ше­гін­де ор­на­лас­қан жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты өзгер­ген жағ­дай­да – 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ніне дей­ін­гі мер­зім­де;
    2) ел­ді ме­кен­нен тыс жер­де ор­на­лас­қан жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты өзгер­ген жағ­дай­да – 16 (он ал­ты) жұ­мыс кү­ніне дей­ін­гі мер­зім­де.
    Көр­се­ті­л­ген мер­зім­дер­ге жер учас­ке­сін са­тып алу-са­ту неме­се уа­қыт­ша (қы­сқа мер­зім­ді, ұзақ мер­зім­ді) өте­улі (өте­у­сіз) жер пай­да­ла­ну (жал­дау) шар­тын жа­сау мер­зі­мі кір­мей­ді.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жер учас­ке­сін са­тып алу-са­ту неме­се уа­қыт­ша (қы­сқа мер­зім­ді, ұзақ мер­зім­ді) өте­улі (өте­у­сіз) жер пай­да­ла­ну (жал­дау) шар­тын (жер учас­ке­сі са­тып алын­ған жағ­дай­да) қо­са бе­ре оты­рып, жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­тын өзгер­ту ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ше­ші­мі не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы – дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­ры­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­ін;
    3) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    3) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 1 қа­зан­да­ғы № 301 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21366 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген «Жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­тын өзгер­ту­ге ше­шім бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­тын өзгер­ту ту­ра­лы өті­ніш;
    2) жер ко­мис­си­я­сы­ның оң ше­ші­мі (ел­ді ме­кен­нен тыс жер­де ор­на­лас­қан жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты өзгер­ген кез­де) неме­се жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­тын (ел­ді ме­кен ше­гін­де ор­на­лас­қан жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты өзгер­ген кез­де) өзгер­ту ту­ра­лы оң қо­ры­тын­ды болған жағ­дай­да 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де:
    бюд­жет кі­рі­сіне жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық (ба­ға­лау) құ­ны­на тең со­ма­ны тө­леу, бюд­жет­ке Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жер ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – Ко­декс) 9-ба­бы 5-тар­ма­ғы­на сәй­кес ка­дастр­лық (ба­ға­лау) құн ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­ға тең со­ма­ны тө­леу қа­жет болған жағ­дай­да, оның ны­са­на­лы мақ­са­ты өзгер­ген жағ­дай­да жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық (ба­ға­лау) құ­ны ак­ті­сі­нің кө­шір­ме­сі;
    3) әу­е­ай­лақ ма­ңын­да­ғы аумақ­та ор­на­лас­қан жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты өзгер­ген жағ­дай­да: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 12 ма­мыр­да­ғы № 504 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшу қа­уіп­сіз­ді­гіне қа­тер төн­ді­руі мүм­кін қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес бе­рі­ле­тін әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшу қа­уіп­сіз­ді­гіне қа­тер төн­ді­руі мүм­кін қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын қыз­мет­тің ба­ста­луы ту­ра­лы, жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін және сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден та­лап ете­ді.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Ко­дек­стің 9-ба­бы­ның 5-тар­ма­ғын­да және 97-ба­бы­ның 3-2-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) Ко­дек­стің 49-1-ба­бы­ның 3 және 4-тар­мақ­та­ры­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­ра­ным­ға ке­лі­су­ші ор­ган­дар­дың те­ріс жа­у­а­бы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Дер­бес
    де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    «Жер учаскесінің нысаналы

    мақсатын өзгертуге шешім беру»

    мемлекеттік қызметін көрсету

    қағидаларына 2-қосымша

    Нысан

    __________________әкімі

    (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның,

    облыстық және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің,

    ауылдың, ауылдық округтің)

    ________________________________

    (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

    кімнен _____________________________________________

    (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды

    ____________________________________

    тұлғаның толық атауы)

    ______________________________________________

    (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    _________________________________________________

    (жеке тұлғаның немесе жеке немесе

    заңды тұлға өкілінің жеке басын

    куәландыратын құжаттың деректемелері,

    _______________________________________

    байланыс телефоны (бар болса), орналасқан

    _______________________________________

    жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не

    _______________________________________

    тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш

    Сізден __________________________________мекенжайы бойынша орналасқан (жер учаскесінің орналасқан жері) маған жеке меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі кадастрлық нөмірі __________________________________________ ауданы __________гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын

    ____________________________________________________________________ байланысты (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсету)

    ___________________________________________________ нысаналы мақсатынан

    ___________________________________________________ нысаналы мақсатына

    ______________________________________________________ өзгертуіңізді сұраймын.

    Құқық белгілейтін құжат ______жылғы __________ № _____

    сәйкестендіру құжаты _____ жылғы ____ _______ № ______ немесе

    жер-кадастрлық жоспар_______ жылғы ____ _________ № ______

    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

    Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

    Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.

    Көрсетілетін қызметті алушы

    ______________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    20 жылғы « »_________

    «Жер учаскесінің нысаналы

    мақсатын өзгертуге шешім беру»

    мемлекеттік қызметін көрсету

    қағидаларына 3-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

    Құрметті _______________

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

    ___________________________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау)

    Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

    ___________________________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):

    мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс / өзге де коммуникация құралдары арқылы)

    Көрсетілетін қызметті беруші

    ___________________________________________________________________________ (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    20 жылғы « » _________

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 14 наурыздағы

    № 82 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің

    2020 жылғы 1 қазандағы

    № 301 бұйрығына

    10-қосымша

    «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

    2) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

    3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

    4) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекен жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган;

    5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

    6) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Жер кодексі) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

    7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

    8) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – «электрондық үкіметтің» веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған құрамдасы;

    9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, жер учаскесі орналасқан жердегі ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

    4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

    5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

    Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңмен көрсетіледі.

    Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

    1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттарды қабылдаған күні Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (оператор) өтінішті қабылдаудан бас тартады;

    2) құжаттар толық болған жағдайда операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;

    3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесінің пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға орындауға жібереді.

    Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес (бұдан әрі – Жер кодексі) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды;

    4) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

    5) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;

    6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері:

    жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды;

    жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды;

    кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

    Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

    1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;

    3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;

    4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы жібереді;

    5) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес оның немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттілігі көрсетілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) не ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

    Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін құзыреті шегінде құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді.

    Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде тұрса, онда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды;

    3) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

    4) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;

    5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері:

    жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;

    жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда, жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды;

    кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.

    Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

    1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;

    3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1(бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;

    4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

    8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

    Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

    Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдайды және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

    11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

    Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

    15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Сауда-саттықты (аукциондарды)

    өткізуді талап етпейтін мемлекет

    меншігіндегі жер учаскелеріне

    құқықтарды алу» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың (оның әкім­ші­лік ба­ғы­ны­сы­на бе­рі­л­ген аумақ­та­ғы), аудан­дар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры және кент­тер­дің, ауыл­дар­дың, ауыл­дық округ­тер­дің әкім­де­рі
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    1)«Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы;
    2) «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал);
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    Бі­рін­ші ке­зең: сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сін аумақ­ты ай­мақ­тар­ға бө­лу­ге сәй­кес мә­лім­дел­ген ны­са­на­лы мақ­са­ты бой­ын­ша пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гін ай­қын­дау, жер учас­ке­сін ал­дын ала таң­дау, жер ко­мис­си­я­сы­ның қо­ры­тындыс­ын дай­ын­дау – 12 (он екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
    Екін­ші ке­зең: жер учас­ке­сіне құқық бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау және са­тып алу-са­ту шар­тын неме­се уа­қыт­ша (қы­сқа мер­зім­ді, ұзақ мер­зім­ді) өте­улі (өте­у­сіз) жер пай­да­ла­ну шар­тын жа­са­су – бе­кі­ті­л­ген жер­ге ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тү­рі
    элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жер учас­ке­сіне құқық бе­ру ту­ра­лы ше­ші­мі және са­тып алу-са­ту не уа­қыт­ша (қы­сқа мер­зім­ді, ұзақ мер­зім­ді) өте­улі (өте­у­сіз) жер пай­да­ла­ну шар­тын жа­са­су не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы – дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін, және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін;
    2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    3) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    бі­рін­ші ке­зең: әу­е­ай­лақ ма­ңын­да­ғы аумақ­та ор­на­лас­қан жер учас­ке­сі бе­рі­л­ген жағ­дай­да: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 12 ма­мыр­да­ғы № 504 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшу қа­уіп­сіз­ді­гіне қа­тер төн­ді­руі мүм­кін қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес бе­рі­ле­тін әуе ке­ме­ле­рі­нің ұші қа­уіп­сіз­ді­гіне қа­тер төн­ді­руі мүм­кін қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат.
    1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 284-ба­бы­на сәй­кес ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру үшін:
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 1 қа­зан­да­ғы № 301 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21366 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген «Са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды алу» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар алу­ға ар­нал­ған өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) жер учас­ке­ле­рін мем­ле­кет­тік мен­шік­тен бе­ру үшін ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны ай­қын­дау ту­ра­лы ше­шім.
    2. Өзде­ріне мен­шік құқы­ғы­мен және (неме­се) өзге де заттық құқық­тар­мен ти­е­сі­лі ғи­ма­рат­тар­ды (құ­ры­лы­стар­ды, құ­ры­лы­сжай­лар­ды) пай­да­ла­ну және кү­тіп-ұстау үшін, оның ішін­де ір­ге­лес аумақ­та­ғы ғи­ма­рат­тар­ды (құ­ры­лы­стар­ды, құ­ры­лы­сжай­лар­ды) ке­ңей­ту және ре­кон­струк­ци­я­лау үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті ту­ра­лы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бе­кі­ті­л­ген сәу­лет-қа­ла құ­ры­лы­сы және (неме­се) құ­ры­лыс құ­жат­та­ма­сы­на сәй­кес:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін, мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жер ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – Ко­декс) 71-ба­бы­на сәй­кес құ­ры­лыс мақ­сат­та­ры үшін олар бұ­рын із­де­сті­ру жұ­мыста­рын жүр­гіз­ген аумақ­та ғи­ма­рат­тар (құ­ры­лы­стар, құ­ры­лы­сжай­лар) және олар­дың ин­же­нер­лік-ком­му­ни­ка­ци­я­лық же­лі­ле­рін са­лу үшін, егер олар бұ­рын ег­жей-тег­жей­лі жос­пар­лау жо­ба­сы­на сәй­кес жос­пар­лан­ған құ­ры­лыс үшін­ші тұ­лға­лар­ға ти­е­сі­лі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып ал­ған жағ­дай­да:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін, мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) із­де­сті­ру жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге рұқ­сат.
    4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті ту­ра­лы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен сәу­лет және қа­ла құ­ры­лы­сы ор­ган­да­ры ин­же­нер­лік же­лі­лер­ге қо­сы­лу­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық шар­ттар­мен және сәу­лет-жос­пар­лау тап­сыр­ма­сы­мен бір­ге бе­ре­тін трас­са­лар схе­ма­ла­ры­на сәй­кес олар­ға мен­шік және жер пай­да­ла­ну құқы­ғы­мен ти­е­сі­лі, жер учас­ке­ле­ріне ин­же­нер­лік-ком­му­ни­ка­ци­я­лық же­лі­лер мен жүй­е­лер­ді са­лу үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға ар­нал­ған өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры).
    5. Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін пай­да­ла­ну және кү­тіп-ұстау үшін кон­до­ми­ни­ум қа­ты­су­шы­ла­ры:
    1) Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға ар­нал­ған өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) кон­до­ми­ни­ум құ­ру ту­ра­лы хат­та­ма;
    4) кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін пай­да­ла­ну және кү­тіп ұстау ту­ра­лы көп­пәтер­лі тұр­ғын үй­лер тұр­ғын­да­ры­ның жал­пы жи­на­лы­сы­ның хат­та­ма­сы.
    6. «Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сіне сәй­кес жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зия неме­се жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ке­лі­сім­шарт негі­зін­де жер қой­на­уын пай­да­ла­ну мақ­сат­та­ры үшін, сон­дай-ақ пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру, жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу үшін қа­жет­ті ин­же­нер­лік, кө­лік­тік және өзге де ин­фра­құ­ры­лым­ды са­лу және (неме­се) ор­на­ла­сты­ру үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ке­лі­сім­шарт;
    4) жер учас­ке­сін бе­ру жо­ға­ры тұр­ған ат­қа­ру­шы ор­ган­ның құ­зы­ре­тіне кір­ген жағ­дай­да – тө­мен тұр­ған жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның жер учас­ке­сіне құқық бе­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ше­ші­мі.
    7. Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ­тың неме­се рес­пуб­ли­ка­лық неме­се өңір­лік ма­ңы­зы бар ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тың қа­ты­су­шы­сы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ар­найы эко­но­ми­ка­лық және ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тар ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ­тың неме­се ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тың бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ­тың неме­се ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тың қа­ты­су­шы­сы­ның мәр­те­бе­сін рас­та­у­шы құ­жат. 8. Жа­сан­ды құ­ры­лы­сжай­лар са­лу үшін аумақ­тық су­лар алып жа­тқан су қо­ры жер­ле­рі­нің құ­ра­мы­нан:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) су ша­ру­а­шы­лы­ғы және қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау ор­ган­да­ры­ның жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі­нің ко­ор­ди­нат­та­ры бар қо­ры­тын­ды­ла­ры;
    9. Те­мір­жол, ав­то­мо­биль, те­ңіз және іш­кі су, әуе, құ­бы­р­жо­лы кө­лі­гі­нің мұқ­та­жы үшін, энер­ге­ти­ка мен бай­ла­ныс мұқ­та­жы үшін, оның ішін­де осы Ко­дек­стің 119-ба­бы­на сәй­кес ұя­лы, спут­ник­тік бай­ла­ныс жабды­ғы­на ар­нал­ған ан­тен­на-дің­гек­ті құ­ры­лы­сжай­лар­ды және (неме­се) ті­ре­уіш­тер­ді са­лу үшін, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік ма­ңы­зы бар өзге де объ­ек­ті­лер­ді са­лу үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) те­мір­жол, ав­то­мо­биль, те­ңіз және іш­кі су, әуе, құ­быр кө­лі­гі және бай­ла­ныс және энер­ге­ти­ка уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры­ның ке­лі­суі.
    10. Ко­дек­стің 107-ба­бы 3-тар­ма­ғы­ның бе­сін­ші бө­лі­гі­нің
    8) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес ха­лық­тың мұқ­таж­дық­та­рын қа­на­ғат­тан­ды­ру­ға ар­нал­ған ор­тақ пай­да­ла­ны­ла­тын объ­ек­ті­лер (су құ­быр­ла­ры, жы­лу трас­са­ла­ры, та­зар­ту құ­ры­лы­сжай­ла­ры және бас­қа да ин­же­нер­лік-ком­му­ни­ка­ци­я­лық же­лі­лер мен жүй­е­лер, қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­у­ға ар­нал­ған ин­фра­құ­ры­лым) үшін, сон­дай-ақ ар­найы мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың өту схе­ма­сы.
    11. Ко­дек­стің 9-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық, бақ өсі­ру, са­я­жай құ­ры­лы­сын жүр­гі­зу үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    12. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жат­та­рын­да көз­дел­ген объ­ек­ті­лер­ді, мем­ле­кет­тік мүд­де­лер­ді және қо­ғам­дық ма­ңы­зы бар мақ­сат­тар­ға қол жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­тін ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды са­лу үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (ауци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның жо­ба­ны ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба деп та­ну ту­ра­лы ше­ші­мі.
    13. Ко­дек­стің 9-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес отан­дық өнер­к­ә­сіп кә­сі­по­рын­да­ры:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің сыз­ба­сы (жос­па­ры).
    14. Же­ке­ше әріп­те­стер мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­рын не кон­цес­си­о­нер­лер кон­цес­си­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік ту­ра­лы шарт неме­се кон­цес­сия шар­ты.
    15. Әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­лар ин­ве­сти­ци­я­лық және ин­но­ва­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік ко­ор­по­ра­ци­я­лар оран­да­ры­ның олар­дың құ­зі­ре­тіне сәй­кес ин­ве­сти­ци­я­лық және ин­но­ва­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру ту­ра­лы ше­ші­мі.
    16. Өнер­к­ә­сіп­тік-ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі өнер­к­ә­сіп­тік-ин­но­ва­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру үшін:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін, мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    3) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның жо­ба­ны ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба деп та­ну ту­ра­лы ше­ші­мі.
    17. Ко­дек­стің 101-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес қа­ты­су­шы­лар (мү­ше­лер) құ­ра­мы­нан шық­қан кез­де ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­сті­гі­нің неме­се өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­тив­тің қа­ты­су­шы­ла­ры (мү­ше­ле­рі):
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) қа­ты­су­шы­лар­дың жал­пы жи­на­лы­сы­ның құ­рам­нан шы­ғу ту­ра­лы хат­та­ма­сы.
    18. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ин­ве­сти­ци­я­лар са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сы­на сәй­кес жа­сал­ған ке­лі­сім­шарт негі­зін­де мем­ле­кет­тік заттай грант­тар ре­т­ін­де:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін, мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) уәкі­лет­ті ор­ган мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да жа­сал­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ды және ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар бе­ру­ді көз­дей­тін ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру­ға ар­нал­ған мо­дель­дік ке­лі­сім­шарт;
    4) құ­ры­лыс мақ­сат­та­ры үшін жер учас­ке­сі сұ­рал­ған жағ­дай­да, ин­же­нер­лік же­лі­лер­ге қо­сы­лу­ға ар­нал­ған са­у­ал­на­ма па­ра­ғы.
    19. Бе­кі­ті­ліп бе­рі­л­ген ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­ды­ны­на және (неме­се) учас­ке­сіне ір­ге­лес жер учас­ке­ле­рін­де ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы объ­ек­ті­ле­рін және олар­ды кү­тіп-ұста­у­ға ар­нал­ған ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды ор­на­ла­сты­ру үшін, күр­де­лі құ­ры­лыс­сыз ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зу мақ­са­тын­да:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша са­уда-сат­тық­ты (аук­ци­он­дар­ды) өт­кі­зу­ді та­лап ет­пей­тін, мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды са­тып алу­ға өті­ніш;
    2) сұ­ра­ты­лып отыр­ған жер учас­ке­сі­нің схе­ма­сы (жос­па­ры);
    3) ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­ды­нын және (неме­се) учас­ке­сін бе­кі­тіп бе­ру ту­ра­лы ше­шім­нің кө­шір­ме­сі;
    4) ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гізу­ге ар­нал­ған шар­ттың кө­шір­ме­сі. Екін­ші ке­зең: бе­кі­ті­л­ген жер­ге ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы және жер­ге ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сын бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық.
    Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген жағ­дай­да тіз­бе­де көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар эл­ок­трон­дық құ­жат­тар кө­шір­ме­сі ре­т­ін­де ұсы­ны­ла­ды.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын қыз­мет­тің ба­ста­луы ту­ра­лы, жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін және сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден та­лап ете­ді.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Ко­дек­стің 92 және 93-бап­та­ры­на сәй­кес заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің негі­зін­де жер учас­ке­ле­рі мәж­бүр­леп алы­нып қой­ы­л­ған адам­дар ті­зі­лі­мін­де бо­луы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Сауда-саттықты (аукциондарды)

    өткізуді талап етпейтін мемлекет

    меншігіндегі жер учаскелеріне

    құқықтар алу» мемлекеттік

    қызметін көрсету

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    ________________________________________________________әкіміне

    (облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген

    аумақтағы), ауданның және кенттің,

    ауылдың, ауылдық округтің)

    кімнен _____________________________________________

    (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды

    ____________________________________

    тұлғаның толық атауы)

    ______________________________________________

    (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    _________________________________________________

    (жеке тұлғаның немесе жеке немесе заңды тұлғаның өкілінің жеке басын

    куәландыратын құжаттың деректемелері,

    _______________________________________

    байланыс телефоны (бар болса), орналасқан

    _______________________________________

    жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не

    _______________________________________

    тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

    Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алуға арналған өтініш

    ____________________________________________________________________ негізінде (негізді көрсету)

    ________________________________________________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

    алаңы ____________ гектар

    _____________________________________________________________________________ (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

    ________________________________________________________________орналасқан жер

    учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану, жеке меншік (керегінің астын сызу) құқығын беруіңізді сұраймын.

    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

    Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

    Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.

    Көрсетілетін қызметті алушы

    _____________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    «Сауда-саттықты (аукциондарды)

    өткізуді талап етпейтін мемлекет

    меншігіндегі жер учаскелеріне

    құқықтарды алу» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

    Құрметті _______________

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

    ______________________________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау)

    Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз

    (қажеттісін жазыңыз):

    ______________________________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

    Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________

    (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

    20 жылғы « » _________

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 14 наурыздағы

    № 82 бұйрығына

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің

    2020 жылғы 1 қазандағы

    № 301 бұйрығына

    14-қосымша

    «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

    2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

    3) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталының құрамдасы;

    4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

    4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

    Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және оларды құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді;

    3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;

    4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;

    мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

    5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

    6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;

    7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

    7. Портал арқылы жүгінген кезде:

    1) өтінім көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келіп түседі;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар келіп түскен күні оларды орындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

    3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;

    4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;

    мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

    5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

    6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;

    7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

    8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

    Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

    11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

    Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

    15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Жер учаскесін жеке меншікке

    ақысын бірден төлеп не бөліп

    төлеу арқылы сату» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, кент­тер­дің, ауыл­дар­дың, ауыл­дық округ­тер­дің әкім­де­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тү­рі
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жер учас­ке­сіне же­ке мен­шік құқы­ғын бе­ру ту­ра­лы ше­ші­мі не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­ін.
    Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9-00-ден 17-30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    3) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге мы­на­лар­ды ұсы­на­ды:
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 1 қа­зан­да­ғы № 301 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21366 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген «Жер учас­ке­сін же­ке мен­шік­ке ақы­сын бір­ден тө­леп не бө­ліп тө­леу ар­қы­лы са­ту» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жер учас­ке­сін же­ке мен­шік­ке ақы­сын бір­ден тө­леп не бө­ліп тө­леу ар­қы­лы са­ту­ға ар­нал­ған өті­ніш;
    2) же­ке ку­ә­лік не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    3) жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық (ба­ға­лау) құ­ны ак­ті­сі­нің кө­шір­ме­сі.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­ға мы­на­лар­ды ұсы­на­ды:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рі тір­кел­ген және пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на қо­сы­л­ған жағ­дай­да, ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған бір рет­тік құ­пи­я­сө­збен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жер учас­ке­сін же­ке мен­шік­ке ақы­сын бір­ден тө­леп не бө­ліп тө­леу ар­қы­лы са­ту­ға ар­нал­ған өті­ніш;
    2) жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық (ба­ға­лау) құ­ны ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын қыз­мет­тің ба­ста­луы ту­ра­лы, жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін және сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден та­лап ете­ді.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын

    бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы

    сату» мемлекеттік қызметін көрсету

    қағидаларына 2-қосымша

    Нысан

    __________________әкіміне

    (облыстың,

    республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның,

    облыстық және аудандық маңызы бар қаланың,

    кенттің, ауылдың, ауылдық округтің)

    ____________________________

    кімнен ______________________

    (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды

    ____________________________

    тұлғаның толық атауы)

    ____________________________

    (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    ____________________________

    (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның немесе өкілінің жеке

    басын куәландыратын құжаттың деректемелері,

    ____________________________

    байланыс телефоны (бар болса),

    ____________________________

    орналасқан жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не

    ____________________________

    тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

    Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш

    ____________________________________________________________________________үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

    ________________________________________________________________________________ (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

    _______________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ауданы ____________ гектар жер учаскесіне ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын.

    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

    Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

    Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.

    Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса),тегі/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

    20___жылғы « »

    «Жер учаскесін жеке меншікке

    ақысын бірден төлеп не бөліп

    төлеу арқылы сату» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

    Құрметті _______________

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:

    _______________________________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау)

    Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):

    ______________________________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

    Көрсетілетін қызметті беруші

    ____________________________________________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

    20 жылғы « » ___________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.