Жаңаарқа ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2025 жылға арналған ең аз мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 наурыз 2025 ж.

    Жаңаарқа ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2025 жылға арналған ең аз мөлшерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабының 1 тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Жаңаарқа ауданы бойнша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2025 жылға арналған ең аз мөлшері- тұрғын үйдің 1 м2 алаңына 44,06 тенге көлемінде бекітілсін:

    2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Ю.Бекқожин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.