«Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомстваның ӘМ-де мем. тіркелуге жатпайтын бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Мәліметтер оларға рұқсаты бар және Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацына сәйкес бекітілген тізбеге (бұдан әрі — Тізбе) енгізілген монополияға қарсы органның лауазымды тұлғаларына ұсынылады.

    Монополияға қарсы орган Тізбеге енгізілген лауазымды адамдар жұмыстан босатылған не өзге де болмаған жағдайларда Тізбеге өзгерістерді уақтылы енгізуді және оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуды қамтамасыз етеді.»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Мемлекеттік кірістер органдары Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (МО БКО) арқылы тараптардың келісуі бойынша ай сайынғы негізде Мәліметтерді мына тәсілдердің бірімен беруді қамтамасыз етеді:

    1) тікелей интеграция;

    2) мәліметтерді монополияға қарсы органның FTP папкасына жүктеу;

    3) мәліметтерді алынбалы-салынбалы жеткізгіштерде беру;

    4) монополияға қарсы органның қызметкерлеріне Тіркеуші ақпараттық жүйеге («OilTrack» мұнай өнімдерін есепке алудың ақпараттық сервисі) қолжетімділікті ұсыну.»;

    көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтердің және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

    _____________М. Омаров

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    _____________ М. Такиев

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігінің

    2025 жылғы 12 наурыздағы

    № 3 және Қазақстан Реcпубликасы

    Қаржы министрінің

    2025 жылғы 12 наурыздағы

    № 119 бірлескен бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі төрағасының

    2021 жылғы 2 маусымдағы

    № 133-НҚ және

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2021 жылғы 3 маусымдағы № 524

    бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі

    1. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі

    Са­лық құ­пи­я­сын құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­дің ата­уы
    1.
    Са­уда ата­уы.
    2.
    Та­у­ар­дың ко­ды (ЕА­ЭО СЭҚ ТН).
    3.
    Шы­ға­ры­л­ған елі.
    4.
    Жө­не­ту­ші ел.
    5.
    Ме­же­лі ел.
    6.
    Са­ту­шы ел.
    7.
    Шот бой­ын­ша ва­лю­та және жал­пы со­ма.
    8.
    Фак­ту­ра­лық құн.
    9.
    Ке­ден­дік құн.
    10.
    Ста­ти­сти­ка­лық құн.
    11.
    Кө­ле­мі (сал­ма­ғы/нет­то).
    12.
    Қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гі.
    13.
    Та­у­ар­дың өл­шем бір­лі­гі.
    14.
    Қап­та­ма­ның тү­рі / жет­кі­зі­ле­тін дә­рі­лік пре­па­рат орын­да­ры­ның са­ны.
    15.
    Ел­дің код­та­ры: шы­ға­ры­л­ған/жө­нел­ту/ме­же­лі.
    16.
    Де­кла­ра­ция нө­мі­рі.
    17.
    Жө­нел­ту­ші.
    18.
    Алушы.
    19.
    Ше­ка­ра­да­ғы кө­лік тү­рі / ел ішін­де­гі кө­лік тү­рі.
    2. «Бірыңғай деректер қоймасы» және «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі (БДҚ/ИДБ)
    Са­лық құ­пи­я­сын құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­дің ата­уы
    1.
    Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы.
    2.
    Та­у­ар­дың ко­ды (ЕА­ЭО СЭҚ ТН).
    3.
    Ва­лю­та ко­ды.
    4.
    Өл­шем бір­лі­гі.
    5.
    Са­ны (кө­ле­мі).
    6.
    Жа­на­ма са­лық­тар­сыз та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің бір­лі­гі үшін ба­ға (та­риф).
    7.
    Жа­на­ма са­лық­тар­сыз та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, қыз­мет­тер­дің құ­ны.
    8.
    Жа­на­ма са­лық­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің құ­ны.
    9.
    Өнім бе­ру­ші­нің ЖСН/БСН.
    10.
    Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы.
    11.
    Алушы­ның ЖСН/БСН.
    12.
    Алушы­ның ата­уы.
    13.
    ЭШФ тір­кеу нө­мі­рі.
    14.
    ЭШФ жа­зып бе­ру кү­ні.
    Элек­трон­дық шот-фак­ту­ра­лар­дан мә­лі­мет­тер
    1.
    ЭШФ тір­кеу нө­мі­рі
    2.
    Жа­зып бе­ру кү­ні
    3.
    ЖСН/БСН (өнім бе­ру­ші)
    4.
    Өнім бе­ру­ші (ата­уы)
    5.
    Қа­ты­су үле­сі (өнім бе­ру­ші)
    6.
    Ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы (өнім бе­ру­ші)
    7.
    Өнім бе­ру­ші­нің са­на­ты
    8.
    ЖСН/БСН (алушы)
    9.
    Алушы (ата­уы)
    10.
    Қа­ты­су үле­сі (алушы)
    11.
    Ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы (алушы)
    12.
    Ел­дің ко­ды (алушы)
    13.
    Алушы­ның са­на­ты
    14.
    Жө­нел­ту ме­кен­жайы (жүк жө­нел­ту­ші)
    15.
    Жет­кі­зу ме­кен­жайы (жүк алушы)
    16.
    Нө­мі­рі (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кізу­ге ар­нал­ған шарт (ке­лі­сім­шарт)
    17.
    Кү­ні (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кізу­ге ар­нал­ған шарт (ке­лі­сім­шарт)
    18.
    Нө­мі­рі (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кізу­ге ар­нал­ған шартсыз (ке­лі­сім­шартсыз)
    19.
    Кү­ні (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кізу­ге ар­нал­ған шартсыз (ке­лі­сім­шартсыз)
    20.
    Р/с № (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің рет­тік нө­мі­рі)
    21.
    Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің шы­ғу бел­гі­сі.
    22.
    Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ға неме­се та­у­ар­лар­ды әке­лу мен жа­на­ма са­лық­тар­ды тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­ке сәй­кес та­у­ар­лар­дың ата­уы.
    23.
    Та­у­ар­дың ко­ды (ЕА­ЭО СЭҚ ТН).
    24.
    Өл­шем бір­лі­гі
    25.
    Са­ны (кө­лем)
    26.
    Жа­на­ма са­лық­тар­сыз та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің бір бір­лі­гі үшін ба­ға (та­риф)
    27.
    Жа­на­ма са­лық­тар­сыз та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің құ­ны
    28.
    Өт­кі­зу бой­ын­ша ай­на­лым­ның мөл­ше­рі (са­лық са­лы­на­тын/са­лық са­лын­бай­тын ай­на­лым)
    29.
    ҚҚС мөл­шер­ле­ме­сі
    30.
    ҚҚС со­ма­сы
    31.
    Жа­на­ма са­лық­тар­ды есеп­ке ал­ған­да, та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің құ­ны
    32.
    Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ның, та­у­ар­лар­ды әке­лу мен жа­на­ма са­лық­тар­ды тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­тің, та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған іле­с­пе жүк­құ­жат­тың, СТ-1 неме­се СТ-KZ №.
    33.
    Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­ядан неме­се та­у­ар­лар­ды әке­лу мен жа­на­ма са­лық­тар­ды тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­тен алын­ған та­у­ар по­зи­ци­я­сы­ның нө­мі­рі
    34.
    Ай­на­лым­ды жа­сау кү­ні
    35.
    Ме­же­лі пункт
    3. «Фискалдық деректер операторлары» ақпараттық жүйесі
    Са­лық құ­пи­я­сын құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­дің ата­уы
    1.
    Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы.
    2.
    ЖСН/БСН
    3.
    Бір бір­лік үшін та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ба­ға­сы
    4.
    Са­тып алы­на­тын та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің са­ны, олар­дың өл­шем бір­лі­гі
    5.
    Та­у­ар­дың, жұ­мысты, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті са­ту­дың жал­пы со­ма­сы
    6.
    Та­у­ар­лар­ды са­тып алу­дың, жұ­мыстар­ды орын­да­удың, қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­дің кү­ні мен уа­қы­ты
    4. Монополияға қарсы органның қызметкерлеріне Тіркеуші ақпараттық жүйеге («OilTrack» мұнай өнімдерін есепке алудың ақпараттық сервисі) қолжетімділікті ұсыну.
    Са­лық құ­пи­я­сын құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­дің ата­уы
    1.
    Өн­ді­рі­стік ны­сан­ның ие­сі­нің ЖСН/БСН
    2.
    Өн­ді­рі­стік ны­сан­ның ата­уы
    3.
    Өн­ді­рі­стік ны­сан­ның тү­рі
    4.
    Өн­ді­рі­стік ны­сан­ның ID
    5.
    Ре­зер­ву­ар­дың ID
    6.
    Өн­ді­рі­стік ны­сан­ның МТК ко­ды
    7.
    Өн­ді­рі­стік ны­сан­ның ай­ма­ғы
    8.
    Өн­ді­рі­стік ны­сан­ның ау­ма­ғы
    9.
    Жа­нар­май­дың тү­рі
    10.
    Өл­шем бір­лі­гі
    11.
    Ре­зер­ву­ар­дың жал­пы сый­ым­ды­лы­ғы
    12.
    Ре­зер­ву­ар­дың ағым­да­ғы то­луы
    13.
    БЕҚ де­ректер­ді та­сы­мал­дау күйі
    14.
    БЕҚ де­ректе­рі­нің жа­ңа­ру уа­қы­ты мен кү­ні
    15.
    Бір тәу­лік­те ре­зер­ву­ар­да­ғы мұ­най өнім­де­рі­нің ай­на­лы­мы­ның кө­ле­мі (қа­был­дау, тұ­ты­ну)
    Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
    ЕБҚ — есепке алатын бақылау құралдары;
    БСН — бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
    БДҚ — бірыңғай деректер қоймасы;
    ИДБ — интеграцияланған деректер базасы;
    ЖСН — жеке сәйкестендіру нөмірі;
    ҚҚС — қосылған құн салығы;
    ЕАЭО СЭҚ ТН — Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
    МТК — мекенжайды тіркеу коды;
    ЭШФ — электрондық шот-фактура.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.