«Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 қарашадағы № 38 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 қарашадағы № 38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30402 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.