«Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында»:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін әкімдік белгілейді және осы Қағидалармен бекітіледі.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.»;
12-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
Заңның 5-бабында көрсетілген басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне– 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;»;
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«5) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1272 АЕК мөлшерінде;
Заңның 7-бабы 3), 4) тармақшаларында көрсетілген еңбек ардагерлеріне – 15 АЕК мөлшерінде;
осы тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген адамдарға– 15 АЕК мөлшерінде;»;
9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«9) 1 қазан – Қарттар күні:
70 жасқа толған және одан асқан адамдарға – 3 АЕК мөлшерінде;».
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім, 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы
Б. Нарымбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.