Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №4-13/25 ұсынысы негізінде, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1, 3, 5-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Н. Төреғалиев
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «__» қаңтардағы
№ __ қаулысына 1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 12 маусымдағы №131 қаулысымен бекітілген
Карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) (Acroptilon repens D.C.) укекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
|
№
|
Ауданның (қаланың) атауы
|
Залалдану алаңы (гектар)
|
Ошақ алаңы (гектар)
|
|
1
|
Ақжайық
|
2643,6
|
158,6
|
|
2
|
Бәйтерек
|
27002
|
289,6
|
|
3
|
Бөрлі
|
7293
|
33,95
|
|
4
|
Жәнібек
|
354
|
35
|
|
5
|
Казталов
|
97
|
41
|
|
6
|
Сырым
|
9630
|
253,23
|
|
7
|
Тасқала
|
8742,4
|
39,03
|
|
8
|
Теректі
|
51820,1
|
262,82
|
|
9
|
Шыңғырлау
|
1587,4
|
26,11
|
|
10
|
Орал қаласы
|
8556,7
|
37,8
|
|
Облыс бойынша
|
117726,2
|
1177,14
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «__» қаңтарғы
№ __ қаулысына 2-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 12 маусымдағы №131 қаулысымен бекітілген
Карантиндік арамшөп – арам сояу (Cuscuta sp.sp) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
|
№
|
Ауданның (қаланың) атауы
|
Залалдану алаңы (гектар)
|
Ошақ алаңы (гектар)
|
|
1
|
Бөрлі
|
294,5
|
2,4064
|
|
2
|
Сырым
|
75
|
0,0033
|
|
3
|
Теректі
|
72
|
0,15
|
|
4
|
Шыңғырлау
|
152
|
0,12
|
|
5
|
Орал қаласы
|
26,1
|
1,3
|
|
Облыс бойынша
|
619,6
|
3,9797
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «__» қаңтардағы
№ __ қаулысына 3-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 12 маусымдағы №131 қаулысымен бекітілген
Орманның карантиндік зиянкесі – қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina (Bigot)) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
|
№
|
Ауданның атауы
|
Залалдану алаңы (гектар)
|
Ошақ алаңы (гектар)
|
|
1
|
Бәйтерек
|
3,0
|
3,0
|
|
|
Облыс бойынша
|
3,0
|
3,0
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.