Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының көше аталуларын өзгерту туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қазан 2023 ж.

    Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылының көше аталуларын өзгерту туралы.

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2023 жылғы 27 шілдедегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылының көше атаулары өзгертілсін:

    Фестивальная көшесін Ұлытау көшесіне;

    И.Мичурин көшесін Бірлік көшесіне;

    Ю.Гагарин көшесін Ынтымақ көшесіне;

    А.Чехов көшесін Жерұйық көшесіне;

    В.Терешкова көшесін Жетісу көшесіне;

    Н.Гоголь көшесін Жусан көшесіне.

    2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл әкімі

    Г. Жунусов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.