Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2025 ж.

    Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабының 1) тармақшасына, 27-бабына, 37-бабына, 43-бабына, 48-бабына, 67-бабына, 69-бабына, 150-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы Заңының 35,37-баптарына сәйкес 2001 жылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару» туралы, «Петропавл» жөлілік өндірістік-диспетчерлік станциясы («Петропавл» ЖӨДС) филиал 2025 жылғы 13 ақпандағы өтініші және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 03 ақпандағы № 59 бұйрығымен бекітілген әзірленген жерге орналастыру жобасы негізінде Петерфельд ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылдық округінің Петерфельдл ауылында орналасқан уақытша топырақ сарайы, материалдарды сақтау және топырақты сақтау үшін жалпы ауданы - 0,3726 га, оның ішінде алқаптар бойынша: табиғи жайылымдар 0,3657 га, жолдар 0.0069 га, жер учаскесіне 3 жыл мерзімге «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.

    Шектеулер, ауыртпалықтар және сервитуттар: жер учаскесі «КазТрансОйл» АҚ ЭБЖ сервитутты, «КазТрансОйл» АҚ ЭБЖ, қадастрлық нөмері 15-220-068-068, «Транснефть-Урал» АҚ «Уфа-Омск, «Уфа-Петропавловск» ММӨҚ қорғау аймағы кесіп өтеді.

    2. Жер учаскесі бөлінетін болып саналады.

    3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Ауылдық округінің әкімі

    А. Қасымов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.