Аршалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 наурыз 2025 ж.

    Аршалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аршалы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    Аршалы ауданы әкімдігінің «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» 2016 жылғы 6 маусымдағы № А-275 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5436 болып тіркелген);

    Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № А-275 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 6 қаңтардағы № А-02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26499 болып тіркелген).

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аршалы ауданының әкімі

    Д.Есжанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.