Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII «Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-32/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 57-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы 14-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар)».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
А. Омаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.