Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 наурыз 2025 ж.

    Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, «Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы №890 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын деп танылсын:

    1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 64/05 «Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3522 болып тіркелген);

    2) Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 26/01 «Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» 2015 жылғы 05 қарашадағы № 64/05 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5318 болып тіркелген).

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

    Қарағанды облысының әкімі

    Е. Булекпаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.