Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабының 1) тармақшасына, 27-бабына, 37-бабына, 43-бабына, 48-бабына, 67-бабына, 69-бабына, 150-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы Заңының 35,37-баптарына сәйкес 2001 жылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару» туралы, «Петропавл» жөлілік өндірістік-диспетчерлік станциясы («Петропавл» ЖӨДС) филиал 2025 жылғы 13 ақпандағы өтініші және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 03 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген әзірленген жерге орналастыру жобасы негізінде Петерфельд ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылдық округінің Петерфельдл ауылында орналасқан уақытша автомобиль кешені мен қалашық үшін жалпы ауданы - 1,0432 га, оның ішінде алқаптар бойынша: табиғи жайылымдар 1,0099 га, жолдар 0,0333 га, жер учаскесіне 3 жыл мерзімге «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.
Шектеулер, ауыртпалықтар және сервитуттар: жер учаскесі «КазТрансОйл» АҚ ЭБЖ сервитутты, «КазТрансОйл» АҚ ЭБЖ, қадастрлық нөмері 15-220-068-068, «Транснефть-Урал» АҚ «Уфа-Омск, «Уфа-Петропавловск» ММӨҚ қорғау аймағы, «КазТрансОйл» АҚ «Түймазы-Омбы-Новосібір-2» (ММҚ «ТОН-2») ММҚ қорғау аймағы кесіп өтеді.
2. Жер учаскесі бөлінетін болып саналады.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ауылдық округінің әкімі
А. Қасымов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.