Шахтинск қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 наурыз 2025 ж.

    Шахтинск қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шахтинск қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 55/01 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымының схемасын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5663 болып тіркелген);

    2) 2020 жылғы 5 наурыздағы № 11/01 «Шахтинск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 55/01 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымының схемасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5739 болып тіркелген).

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шахтинск қаласының әкімі

    М. Кыдырганбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.