Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Бұқар жырау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы 29 сессиясының № 4 «Бұқар жырау ауданының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2820 болып тіркелген) шешімі;
Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 9 «Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы 29 сессиясының № 4 «Бұқар жырау ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
А. Әли
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.