Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 «Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 «Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тереңкөл аудандық мәслихатының «Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6833 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы

    Р. Габидулин

    Тереңкөл аудандық

    мәслихатының

    2025 жылғы 5 наурыздағы

    № 6/27 шешіміне

    1-қосымша

    Тереңкөл аудандық

    мәслихатының 2020 жылғы

    11 мамырдағы № 3/57

    шешіміне 1-қосымша

    Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

    Шартты белгілер:

    1
    елді мекеннің жерлері
    2
    ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері (жайылымдар, шабындықтар, егістік)
    3
    ерекше қорғалатын табиғи аумағының жерлері

    Тереңкөл аудандық

    мәслихатының 2025 жылғы

    5 наурыздағы № 6/27

    шешіміне 2-қосымша

    Тереңкөл аудандық

    мәслихатының 2020 жылғы

    11 мамырдағы № 3/57

    шешіміне 2-қосымша

    Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттыру

    Жердің орналасу аймақтары
    Арттыру пайызы
    Тереңкөл ауылдық округі
    1
    50%
    Байқоныс ауылдық округі
    1
    50%
    Песчан ауылдық округі
    1
    50%
    Береговое ауылдық округі
    1
    50%
    Жаңабет ауылдық округі
    1
    50%
    Октябрь ауылдық округі
    1
    40%
    Ивановка ауылдық округі
    1
    40%
    Калиновка ауылдық округі
    1
    40%
    Томарлы ауылдық округі
    1
    40%
    Алтай ауылдық округі
    1
    40%
    Әулиеағаш ауылдық округі
    1
    30%
    Жаңақұрылыс ауылдық округі
    1
    30%

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.