«Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 наурыз 2025 ж.

    «Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26495 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

    Ж. Элиманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.