«Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-1-бабының 8-4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға кредит беру ережесінде: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және тәртіпті айқындайды:

    1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру;

    2) бюджеттік кредит қаражаты есебінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

    3) түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асыру.»;

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы – өз қызметін сумен жабдықтау және су бұру саласында жүзеге асыратын, Қарыз алушыдан бюджеттік кредит алуға үміткер табиғи монополия субъектісі;

    2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері:

    коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган;

    3) бюджеттік кредит – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында тиісті бюджеттерден кредиторлар беретін ақша;

    4) Жұмыс тобы – Сенім білдірілген өкіл (агенттің) қорытындысы негізінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалар үшін бюджеттік кредит беру бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;

    5) инвестициялық жоба – бюджеттік кредит беру арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған жоба;

    6) Қарыз алушы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;

    7) Кредитор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі;

    8) кредиттік шарт – Кредитор, Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен Қарыз алушы арасында жасалатын шарт;

    9) Сенім білдірілген өкіл (агент) – конкурстық негізде айқындалған және Әкімшімен немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімшемен шарт жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;

    10) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

    11) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

    12) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар мен іс-шаралардың жиынтығы;

    13) Түпкілікті қарыз алушы – өз қызметін сумен жабдықтау және су бұру саласында жүзеге асыратын, Қарыз алушыдан бюджеттік кредит алатын табиғи монополия субъектісі.»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының шешіміне беріледі.

    Бюджеттік кредиттерді беру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 172-бабына сәйкес мынадай:

    1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;

    2) міндеттемелердің орындалуын Кодекстің 183-бабында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;

    3) бюджеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;

    4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;

    20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «20. Түпкілікті қарыз алушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған бюджеттік кредиттің қаражатын пайдаланады.

    Бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушы Кодекстің 197-бабына және кредиттік шарттың талаптарына сәйкес жауапты болады.»;

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру Түпкілікті қарыз алушыға кредит берудің мынадай негізгі шарттарына сәйкес жүзеге асырылады:

    1) инвестициялық жобаларды іріктеуді Сенім білдірілген өкіл (агент) дайындаған қорытындының негізінде, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу өлшемшарттарына сәйкес Жұмыс тобы жүзеге асырады;

    2) Түпкілікті қарыз алушыны айқындау Жұмыс тобының алдын ала шешімі негізінде жүзеге асырылады;

    3) бюджеттік кредит осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген мақсаттарға беріледі;

    4) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындау қамтамасыз етіледі;

    5) кредит беру мерзімі 20 жылға белгіленеді;

    6) сыйақы мөлшерлемесі жылына 0,01% мөлшерінде белгіленеді;

    7) бірыңғай техникалық саясатты қолданады, оның ішінде энергия тиімділігіне және энергия үнемдеуге бағдарланған жаңа қазіргі заманғы және инновациялық технологияларды енгізеді, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартатын технологияларды аспаптандырады және қолданады;

    8) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілер тартылады;

    9) Ұсынылатын қызметтердің, цифрлық экономика құралдарының сапасын жақсарту, басқарушы компаниялардың корпоративтік басқаруын жақсарту, мәдениетті дамыту және сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде түпкілікті тұтынушылар үшін смарт құрылғыларды пайдалану ретінде бизнес-процестерді оңтайландыру және ашықтығы үшін энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеу және интеллектуалды жүйелерді енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

    10) кредиттік шарт теңгеде жасалады;

    11) Түпкілікті қарыз алушы Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шарттың талаптарын сақтайды;

    12) инвестициялық жобаның құжаттары осы Қағидалардың 2-параграфінің 1-кіші бөлімінде көзделген тәртіппен Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісіледі;

    13) сумен жабдықтау жүйелері есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі;

    14) ескі желілерді реконструкциялауға басымдық беріледі;

    15) автоматтандыруды, аспаптандыруды және жаңа технологияларды қолдану;

    16) Түпкілікті қарыз алушының кредит қабілеттілігі.»;

    32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «32. Кепіл ретінде қамтамасыз ету таңдалған жағдайда Түпкілікті қарыз алушыны бюджеттік кредиттеу кезінде кепілге салынған нәрсе ретінде мыналар ұсынылады:

    1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредитті бағыттаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушының реконструкцияланатын жылжымайтын мүлігі;

    2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға бюджеттік кредитті бағыттаған жағдайда жаңа объект.»;

    39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «39. Бюджеттік кредитке өтінім түскенге дейін:

    1) Қарыз алушы:

    осы Қағидаларға сәйкес Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға қойылатын талаптарды түсіндіреді;

    бюджеттік кредитке өтінім беру үшін қажет мерзімдер мен құжаттардың тізбесі туралы Қарыз алушының ашық көздерінде/ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады;

    өтінімді қарау тәртібін түсіндіреді,

    бюджеттік кредиттеу шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушының жауапкершілігі мен ықтимал тәуекелдері туралы түсіндірме береді;

    ұсынылған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді;

    Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыда туындаған мәселелер бойынша консультация береді;

    инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады;

    2) Сенім білдірілген өкіл (агент):

    Қарыз алушы ұсынған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаларына алдын ала іріктеу жүргізеді;

    алдын ала іріктелген жобалар бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның техникалық саясатына сәйкестігі бойынша келіседі.»;

    42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «42. Сенім білдірілген өкіл (агент) алдағы 3 (үш) жылға арналған инвестициялық жобалардың алдын ала ұсынылған тізбесін мынадай өлшемшарттар бойынша 10 (он) жұмыс күнінің ішінде қарайды:

    1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің авариялығы;

    2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің оның жалпы санына проценттік қатысы бойынша тозуы;

    3) әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы, оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтердің санын тұтынушылардың санына, сумен жабдықтау және су бұру бойынша жаңа жүйелер салған кезде іске қосылған объектілердің санына, құрылатын тұрақты жұмыс орындарының санына арттыру;

    4) көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар сумен жабдықтау жүйелерінде есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілуі.

    Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобалардың алдын ала ұсынылған тізбесін қарап болғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ақпарат ұсынады.»;

    51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «51. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы/Қарыз алушы мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғанға дейін Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың бірыңғай техникалық саясатқа, автоматтандыруға, цифрландыруға, көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі есептеу аспаптарына және сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған қазіргі заманғы жабдыққа сәйкестігі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі.

    Жобалау-сметалық құжаттамадағы, жобаны іске асырудағы барлық өзгерістер мен ауытқуларды Түпкілікті қарыз алушы/Қарыз алушы Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) алдын ала келісім бойынша жүзеге асырады.»;

    52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «52. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы бюджеттік кредитке арналған өтінім қалыптастырады және Қарыз алушыға қажетті құжаттардың топтамасын береді. Бюджеттік кредитке арналған өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:

    1) бюджеттік кредит алуға арналған құжаттарды қоса бере отырып, бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған титулдық бланкiдегі жеке iлеспе хат;

    2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаның паспорты;

    3) ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы және ресурстық смета;

    4) сумен жабдықтау және су бұру схемалары және/немесе сумен жабдықтау және су бұру бойынша инвестициялық негіздемелер;

    5) соңғы үш жылдағы бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасы.

    «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 2 тармағына (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң) сәйкес Түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, оның аудиттелген қаржылық есептілігі ұсынылады. Қаржылық есептілік «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 2 тарағының талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы ақпарат, баланс валютасында 10 % және одан да астам баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып ұсынылады;

    6) табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды бекіту туралы бірлескен бұйрығының көшірмесі;

    7) «Бухгалтерлік балансты», «Кірістер мен шығындар туралы есепті», «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті (тікелей немесе жанама тәсілдер)» қоса алғанда, «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) нысандар бойынша жасалған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы бар қаржылық модель;

    8) бюджеттік кредитті пайдалану кезінде энергия тиімділік пен энергия үнемдеудің экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің есептеулермен расталған негіздеме;

    9) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын субсидия алушының берешегі жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет;

    10) сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;

    11) жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

    12) Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін техникалық саясат бөлігінде келісімі;

    13) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жаңа технологияларды қолдану туралы ақпарат;

    14) көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде есепке алу аспаптарының болуы туралы ақпарат.»;

    57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «57. Құжаттардың және өзге де растайтын көздерден (ресми статистика, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, өңірлерді дамытудың бекітілген жоспарлары және тағы басқа) алынған ақпараттың негізінде Сенім білдірілген өкіл (агент) бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған, мөрмен расталған Бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

    Бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды мыналарды қамтиды:

    1) жобаның экономикалық және әлеуметтік маңызын бағалау, оны іске асыру үшін бекітілген өлшемшарттар (100 км үшін авариялар санын және желілердің тозуын төмендету, су ысырыптарын қысқарту, коммуналдық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілердің шаршы метрлерінің саны) бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінім ұсынылады;

    2) ведомстводан тыс сараптаманың (қажет болған жағдайда), сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды жобалауға арналған техникалық тапсырманың қорытындысымен жобалау алдындағы құжаттаманы (Техникалық-экономикалық негіздеме) және/немесе жобалау-сметалық құжаттаманы Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу туралы ақпарат;

    3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

    4) мынадай іс-шаралар өткізу туралы ақпарат:

    сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде түпкілікті тұтынушылардың энергия тиімділігі бойынша;

    сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде түпкілікті тұтынушылардың ресурс үнемдеуі бойынша;

    5) мыналарды қамтитын өтемділік (қайтарымдылық), қамтамасыз етілу, ақылылық және мерзімділік өлшемшарттары бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді бағалау:

    өтінімнің бюджеттік қаражатты пайдаланудың нысаналы мақсатына сәйкестігінің нәтижелері (сәйкес келеді/сәйкес келмейді);

    кредиттеу мерзімінің бюджеттік кредиттер берудің қолданыстағы шарттарына сәйкестігінің нәтижелері (сәйкес келеді/сәйкес келмейді);

    кредит сомасы мен ол бойынша ұсынылған қамтамасыз ету сәйкестігінің нәтижелері. Бюджеттік кредиттің сомасы кепілдің құнын ескере отырып айқындалады және кепілдің құнынан асап кетпеуге тиіс;

    Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша ұсынылған қаржылық есептілікті және болжамды қаржылық модельді ескере отырып, бюджеттік кредиттің өтемділігін (қайтарымдылығын) және ақылылығын тексеру нәтижелері;

    6) сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;

    7) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін бірыңғай техникалық саясат бөлігінде келісу.»;

    63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «63. Жұмыс тобы Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қорытындысы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалар үшін бюджеттік кредит беру туралы ұсыныс жасайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

    Жұмыс тобының функциялары мыналар бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады:

    1) инвестициялық жобаларды сапалы және уақытысында іріктелуін қамтамасыз ету;

    2) бюджеттік несие иелену үшін ұсынылған құжаттарды жан-жақты және шынайы түрде бағалау;

    3) инвестициялық жобаларды қарау қорытындысы бойынша шешім жасау.»;

    81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «81. Тапсырма шартында бюджеттік кредит беру шарттарына сәйкес Сенім білдірілген өкілге (агентке) Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен жүзеге асыратын өкілеттіктер айқындалады.

    Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметіне ақы төлеу Кодекстің 179-бабына және Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызмет құнының есебіне сәйкес осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.»

    83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «83. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың барысы туралы ақпаратты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйым жыл сайын қалыптастырады және инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп түрінде Сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынады.»;

    90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «90. Егер инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізудің барысында Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаларды іске асырған кезде жол берілген бұзушылықтар/ауытқулар, не Түпкілікті қарыз алушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту объектілеріне қол жеткізуге кедергі келтіру фактілерін анықтайтын болса, онда Сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есеппен бірге бұзушылықтар/ауытқулар фактілері туралы хабарлама жасайды және оны Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.

    Анықталған бұзушылықтар/ауытқулар фактілері туралы хабарламада осы бұзушылықтар/ауытқулар фактілерімен бірге Сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынған проблемаларды жою мен шешу жөніндегі ұсынымдар мен шаралар болуға тиіс.»;

    93-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «93-1.Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту объектілеріне жоспарлы және жоспардан тыс бару кезінде Түпкілікті қарыз алушы/Техникалық қадағалау/Мердігерлік ұйым/Тапсырыс беруші Сенім білдірілген өкілге (агентке) сұрау салынған құжаттаманы береді.»;

    101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «101. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг мынадай іс-шараларды жүргізуді реттейді: 

    1) бюджеттік кредит қаражатының Кредитордан Қарыз алушыға және Қарыз алушыдан Түпкілікті қарыз алушыға түсу кестелерінің сақталуына мониторинг; 

    2) соңғы қарыз алушылардың кредиттің аударылған сомаларын толық игеруін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бақылауы мен мониторингтеуі. Өз кезегінде қарыз алушылар бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен Қарыз берушіге соңғы қарыз алушылардың кредиттің аударылған сомаларын толық игергені туралы растайтын құжаттарды ұсыну; 

    3) бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету кестелерін Түпкілікті қарыз алушының сақтауына мониторинг.»;

    111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «111. Есепті кезең үшін жедел жылдық есептілікке тұтынушылардан сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлемдердің түсуі туралы ақпарат қосымша ұсынылады.»;

    1, 2, 2-1, 3 және 4-қосымша лар осы тізбеге 1, 2, 3, 4 және 5-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агентігі

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2025 жылғы 4 наурыздағы

    № 77

    бұйрығына 1-қосымша

    Сумен жабдықтау

    және су бұру жүйелерін салуды,

    реконструкциялауды және

    жаңғыртуды кредиттеу

    қағидаларына

    1-қосымша

    Қаржылық есептілікті, Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалауды және өзге де қолайлы ақпаратты талдау

    1. Қаржылық есептілікті деңгейлес және сатылай талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың, кірістер мен шығыстар туралы есептің, ақша қаражаттың қозғалысы туралы есептің негізгі баптарында болған өзгерістерді ұсынудан тұрады.

    Деңгейлес (уақытша) талдау табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъект) соңғы үш есептік кезеңдегі деректерін салыстырмалы және абсолютті түрде салыстыру және есептіліктің жекелеген баптарының немесе олардың топтарын өзгеру үрдістерін анықтау болып табылады. Деңгейлес талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (бұдан әрі – Қаржы министрлігінің бұйрығы) бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 15384 болып тіркелген), қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: «Бухгалтерлік баланс», «Пайдалар мен зияндар туралы есеп» және «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп» бойынша жүргізіледі.

    Сатылай (құрылымдық) талдау жалпы жиынтық көрсеткіште есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағын анықтау және алынған нәтижені алдыңғы кезеңнің деректерімен салыстыру болып табылады. Сатылай талдау Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: «Бухгалтерлік баланс» және «Пайдалар мен зияндар туралы есеп» бойынша жүргізіледі.

    2. Коэффициенттік талдау субъектілердің қаржылық есептілігін осындай коэффициенттердің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) мәніне қаржылық көрсеткіштер (коэффициенттер) жинағының көмегімен зерделеуге және олардың серпінінің өзгеруіне негізделген.

    Коэффициенттік талдау жүргізу үшін субъектілердің қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан деректер алынады.

    3. Өтімділік коэффициенттері – субъектілердің қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтердің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Бұл ретте субъектілердің ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының мөлшерін салыстыру жүргізіледі.

    Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Сurrent ratio, CR) субъектілердің қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттігін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі:

    мұндағы:

    CA – ағымдағы активтер;

    CL – ағымдағы міндеттемелер.

    CR мәні: Жоғары> 0,25. Мәні< 0,25 болса,төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін куәландырады.

    4. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (Equity to total assets, EtTA) авансталған қаражаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні неғұрлым жоғары болған сайын кәсіпорын қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторларға тәуелсіз болады. Мынандай формула бойынша есептеледі:

    мұндағы:

    EC – меншікті капитал;

    TA – активтер сомасы.

    Осы көрсеткіштің мәні 0,5 кем емес.

    5. Дебиторлық берешектің айналымдылық кезеңі (Receivablescollectionperiod) – борыштарды жинау үшін талап етілетін күндердің орташа саны ретінде дебиторлық берешектің айналымдылығын білдіреді.

    мұндағы:

    RCP – дебиторлық берешекті жинау кезеңі;

    Осы көрсеткіштің мәні 60 күннен аспауға тиіс.

    6. Кредиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (Payablescollectionperiod) – субъектілердің өз борыштарын төлейтін күндердің орташа саны ретінде кредиторлық берешектің айналымдылығын білдіреді.

    мұндағы:

    PCP – кредиторлық берешекті жинау кезеңі;

    Осы көрсеткіштің мәні 180 күннен аспауға тиіс.

    7. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалау:

    Көр­сет­кіш­тің ата­уы
    Ба­ға­лау
    Ұсы­ны­ла­тын бал­дар
    Ес­керт­пе
    Жал­пы пай­да­ның нор­ма­сы
    0≥-20%
    10
    Жал­пы пай­да­ның нор­ма­сы = жал­пы пай­да (шы­ғын)/өт­кіз­ген­нен түс­кен тү­сім*100%.
    0≥-30%
    7
    0≥-45%
    5
    0≥-60%
    0
    Та­за пай­да­ның нор­ма­сы
    0≥-20%
    10
    Та­за пай­да­ның нор­ма­сы = та­за пай­да(шы­ғын)/өт­кіз­ген­нен түс­кен тү­сім*100%.
    0≥-30%
    7
    0≥-45%
    5
    0≥-60%
    0
    Тө­лем­дер­дің жи­на­луы
    0≤90%
    15
    Тө­лем­дер­дің жи­на­луы кә­сі­по­рын қыз­ме­тіне әсер ете­ді.
    0≤80%
    10
    0≤70%
    5
    0≤60%
    0
    Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме
    Әле­умет­тік ма­ңы­зы және эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лі­гі көр­се­ті­л­ген негіз­де­ме
    10
    Көп пәтер­лік және же­ке тұр­ғын үй­лер­дің, әкім­ші­лік ғи­ма­рат­тар­дың, тұ­ты­ну­шы­лар­дың бо­луы.
    10
    Ақ­ша­лай мән­де­гі эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік.
    5
    Нақ­ты мән­де­гі эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік (м3, Гкал, кВт/сағ).
    Екін­ші дең­гей­лі банк­тер бой­ын­ша кре­дит­тік та­рихы
    Бе­ре­шек­тің бол­мауы ту­ра­лы банк­тен анық­та­ма
    20
    Нұр­лы жол бой­ын­ша кре­дит­тік та­рихы
    Мер­зі­мі өту­і­нің және бе­ре­шек­тің бол­мауы
    20
    Ескертпе: Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша балдық бағалау қаралатын болады, оның негізінде бюджеттік кредитті беру (бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
    Өту баллы – кемінде 70.

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2025 жылғы 4 наурыздағы

    № 77

    бұйрығына 2-қосымша

    Сумен жабдықтау және

    су бұру жүйелерін салуды,

    реконструкциялауды және

    жаңғыртуды кредиттеу

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Жоба паспорты

    Жо­ба­ның ата­уы
    Бюд­жет­тік кре­дит­ке ар­нал­ған өті­нім бой­ын­ша іле­с­пе хат­тың де­ректе­ме­ле­рі (тір­кел­ген кү­ні және тір­кеу нө­мі­рі, өті­нім­ге қол қой­ған Қарыз алушы­ның уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның (те­гі, аты әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Бюд­жет­тік кре­дит­тің со­ма­сы, мың тең­ге
    Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма
    Қарыз алушы
    Нө­мі­рі
    Ата­уы
    Шы­ғы­стар­дың жал­пы со­ма­сы, мың тең­ге
    Түп­кі­лік­ті қарыз алушы (та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы)
    Жо­ба бой­ын­ша ақ­па­рат
    № р/с
    Іс-ша­ра­ның ата­уы
    Құ­ны, бар­лы­ғы, мың тең­ге
    оның ішін­де іс­ке асы­ру жыл­да­ры бой­ын­ша
    20ХХ
    20ХХ+1
    20ХХ+n
    1
    ...
    Бюд­жет­тік кре­дит­тің мер­зі­мі
    Бюд­жет­тік кре­дит бой­ын­ша сый­а­қы став­ка­сы
    Бюд­жет­тік кре­дит бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету
    Объ­ек­ті­ні са­лу және/неме­се ре­у­кон­струк­ци­я­лау және/неме­се жаң­ғыр­ту ор­ны
    Жо­ба бой­ын­ша қо­сым­ша ақ­па­рат, оның ішін­де ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дан кү­ті­ле­тін әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік
    Қарыз алушы­ның өкі­лі
    Те­гі
    Аты
    Әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
    Қарыз алушы­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ата­уы
    Ла­у­а­зы­мы
    Ме­кен­жайы
    Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
    Ұя­лы те­ле­фон
    қа­ла­лық те­ле­фон
    Факс
    Элек­трон­дық по­шта
    Түп­кі­лік­ті қарыз алушы­ның (та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі­нің) өкі­лі
    Те­гі
    Аты
    Әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
    Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ата­уы
    Ла­у­а­зы­мы
    Ме­кен­жайы
    Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
    ұя­лы те­ле­фон
    қа­ла­лық те­ле­фон
    Факс
    Элек­трон­дық по­шта
    Қо­сым­ша ақ­па­рат

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2025 жылғы 4 наурыздағы

    № 77

    бұйрығына 3-қосымша

    Сумен жабдықтау және

    су бұру жүйелерін салуды,

    реконструкциялауды және

    жаңғыртуды кредиттеу

    қағидаларына

    2-1-қосымша

    Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу

    1. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны тиісті жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген даму жоспарының негізінде жыл сайын қайта қаралады.

    2. Көрсетілетін қызмет құнын айқындау тәртібі:

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның көрсетілетін қызметінің құны:

    1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағатқа алғандағы құны;

    2) көрсетілетін қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;

    3) еңбек шығынының нормалары;

    4) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны негізінде айқындалады.

    3. Бір адам-күнге алғандағы жоспарлы құны мына формуланың негізінде есептеледі:

    мұнда:

    ЖҚбір –бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-күнге мың теңге;

    ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығын, мың теңге;

    саны – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту ұйымының өндірістік және әкімшілік персоналының жиынтық штат саны, адам;

    КК – жоспарланған кезеңдегі жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндермен алғанда (жұмыс уақыты баламасына сәйкес 40 сағаттық апта кезінде);

    ТН – табыс нормасы, пайызбен алғанда.

    4. Тиісті кезеңдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымындағы табыстың жоспарлы нормасы.

    5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын айқындау:

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымының Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде көрсетілетін қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:

    мұнда:

    ҚҚ – көрсетілетін қызмет құны, мың теңге;

    ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;

    С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны;

    УН – уақыт нормасы, адам-сағатпен алғанда.

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2025 жылғы 4 наурыздағы

    № 77

    бұйрығына 4-қосымша

    Сумен жабдықтау

    және су бұру жүйелерін салуды,

    реконструкциялауды және

    жаңғыртуды кредиттеу

    қағидаларына

    3-қосымша

    нысан

    «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kds?lang=ru

    Әкімшілік нысанның атауы: «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат»

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ИЖІ

    Кезеңділік: ай сайын

    Есепті кезең: 20___ жылғы _________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент)

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

    Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:

    Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде

    Жо­ба­ның ата­уы
    жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма (бұ­дан әрі – ЖСҚ) бой­ын­ша жо­ба­ның жал­пы құ­ны, мың тең­ге
    Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ке­зе­ңі
    Тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ге/ЖСҚ сәй­кес нақ­ты ал­ған­да жұ­мыстың кө­ле­мі (іс-ша­ра­лар, құ­ра­уы­штар)
    жұ­мысты ба­стау мер­зі­мі
    жұ­мысты аяқ­тау мер­зі­мі
    Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы, жұ­мыстар­ды орын­дал­мау се­беп­те­рі
    іс-ша­ра­ның ата­уы
    ЖСҚ бой­ын­ша құ­ра­уы­штың ата­уы
    Өспе­лі қо­ры­тын дыс­ы­мен нақ­ты орын­дау
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның (бұ­дан әрі – ҚМЖ) кесте­сіне сәй­кес жос­пар
    факт
    ҚМЖ кесте­сіне сәй­кес жос­пар
    факт
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    Атауы
    ______________________
    ___________________________________
    Мекенжайы
    _______________________
    ____________________________
    Телефоны
    ______________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты
    ______________________________________________________________
    Орындаушы
    __________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
    ______________________________________________________________
    ______________________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
    ________________________________________________________________

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде жинауға

    арналған нысанға

    қосымша

    «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (нысанның индексі: 1-ИЖІ және кезеңділігі: ай сайын)

    1. "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы сапалы ақпаратты ұсыну мақсатында әзірленеді.

    2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

    "№" 1-бағанында нөмір тәртіппен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек;

    "Жобаның атауы" 2-бағанында ЖСҚ ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

    "ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге" 3-бағанында жобаның жалпы құны ЖСҚ бойынша (жобалық-іздестіру жұмыстары ескеріп отырып) ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;

    "Жобаны іске асыру кезеңі" 4 бағанында жобалау-сметалық құрылыс-монтажды бойынша құжаттамаға арналған ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жылдар бойынша құрылыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейінгі жұмыс кезеңі көрсетіледі;

    "Іс-шараның атауы" 5-бағанында ЖСҚ (реконструкция/салу) арналған ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жоба бойынша жұмыстардың атауы көрсетіледі;

    "ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы" 6-бағанында желілер мен құрылыстарды реконструкциялау/салу бойынша жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда: сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы, кәріздік-тазалау құрылысының саны, су тазарту қондырғылары, қазандықтар, сорғы станциялары, ірі резервуарлар, су қабылдағыш мұнаралар саны көрсетіледі;

    "Өспелі қорытындысымен нақты орындау" 7-бағанында, 6-бағанда көрсетілген іс жүзінде орындалған жұмыстар көрсетіледі;

    "Жұмысты бастау мерзімі", 8-бағанындағы "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", 9-бағанындағы "факт" жұмысты бастаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі;

    "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар" 10-бағанындағы "Жұмысты аяқтау мерзімі", 11-бағанындағы "факт" жұмыстың іс жүзінде аяқтаудың мерзімі көрсетіледі;

    "Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері" 12-бағанында есепті айда орындалған жұмыстың көлемі, сондай-ақ сот талқылауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты қайтадан жариялау, құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сәйкестігі сияқты проблемалық мәселелер көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2025 жылғы 4 наурыздағы

    № 77

    бұйрығына 5-қосымша

    Сумен жабдықтау

    және су бұру жүйелерін салуды,

    реконструкциялауды және

    жаңғыртуды кредиттеу

    қағидаларына

    4-қосымша

    нысан

    «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kds?lang=ru

    Әкімшілік нысанның атауы: «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат»

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2- БКТИ

    Кезеңділік: ай сайын

    Есепті кезең: 20___ жылғы _________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент)

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

    Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:

    Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде

    Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі­нің ата­уы
    Ұлт­тық қор­дан қар­жы­лан­ды­ру­дың жос­пар­ла­нып отыр­ған со­ма­сы
    Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­ты­ның нақ­ты тү­сі­мі
    Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­ты­ның нақ­ты иге­рі­л­ге­ні
    Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­тын өтеу
    Жо­ба­ның ата­уы
    Об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның ата­уы
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші­сі бой­ын­ша ор­на­лас­қан жер ко­ды
    өспе­лі қо­ры­тындыс­ы­мен
    есеп­ті ай үшін
    өспе­лі қо­ры­тындыс­ы­мен
    есеп­ті ай үшін
    Өте­луі ти­іс
    мер­зі­мі
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    мер­зі­мі
    со­ма
    (мың тең­ге)
    1
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    кестеннің жалғасы
    Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­тын өтеу
    Қары­здың қал­ға­ны
    Негіз­гі қарыз бой­ын­ша мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек
    % иге­рі­л­ге­ні (өсу қо­ры­тындыс­ы­мен)
    Орын­дал­ма­ған со­ма­сы (мың. тең­ге) (өсу қо­ры­тындыс­ы­мен)
    Мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың қо­ры­тындысы бой­ын­ша үнем­деу
    Ес­кер­ту
    Нақ­ты өтел­ге­ні
    Есеп­тік ке­зең­нің ба­ста­луы
    Есеп­тік ке­зең­нің аяқ­та­луы
    мер­зі­мі
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма (мың тен­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    со­ма
    (мың тең­ге)
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    Атауы
    ______________________
    ___________________________________
    Мекенжайы
    _______________________
    ____________________________
    Телефоны______________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты
    ______________________________________________________________
    Орындаушы
    ______________________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
    ______________________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
    ________________________________________________________________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға

    арналған нысанға

    қосымша

    «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (нысанның индексі: 2-БКТИ және кезеңділігі: ай сайын)

    1. «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты сапалы ұсыну мақсатында әзірленді.

    2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:

    "№" 1-бағанында нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат тәртіп бойынша нөмірлеуді үзбеуі керек;

    "Жобаның атауы" 2-бағанында;

    "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы" 3-бағанында;

    " Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша орналасқан жер коды" 4-бағанында;

    "Табиғи монополиялар субъектілерінің атауы" 5-бағанында, жобалық-сметалық құжаттамаға арналған ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

    "Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы" бағанында "мерзімі" 6-бағанында;

    "сома (мың теңге)" 7-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген жобаның сомасы көрсетіледі;

    "Бюджеттік кредит қаражатының нақты түсімі" бағанында "өспелі қорытындысымен" 8-бағанында, "есепті ай үшін" 9-бағанында жобаның іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен келіп түскен сома көрсетіледі;

    "Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені" бағанында "өспелі қорытындысымен" 10-бағанында, "есепті ай үшін" 11-бағанында жобаны іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен игерілген ақша сомасы көрсетіледі;

    "Бюджеттік кредит қаражатын өтеу" бағанында "Өтелуі тиіс" бағанында "мерзімі" 12-бағанында, "сома (мың теңге)" 13-бағанында, "Нақты өтелгені" бағанында "мерзімі" 14-бағанында, "сома (мың теңге)" 15-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес өтелуі тиіс кредит сомасы көрсетіледі;

    "Қарыздың қалғаны" бағанында "Есептік кезеңнің басталуы" 16-бағанында, "Есептік кезеңнің аяқталуы" 17-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша берешек сомасы көрсетіледі;

    "Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек" 18-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша мерзімі өткен борыштың сомасы көрсетіледі;

    "% игерілгені (өсу қорытындысымен)" 19-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген ақшаның игерілу проценті көрсетіледі;

    "Орындалмаған сомасы (мың.теңге) (өсу қорытындысымен)" 20-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген кредит бойынша пайдаланылмаған ақшаның сомасы көрсетіледі;

    "Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу" 21-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдар сатып алуға жүргізілген конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;

    "Ескерту" 22-бағанында жоба бойынша қосымша ақпаратпен ескерту көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.