«Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 ақпан 2025 ж.

    «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. 1-тармақтың екінші абзацының күші 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы

    Е.Рамазанов

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 25 ақпаңдағы

    № А-2/107 қаулысына

    1-қосымша

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2022 жылғы 8 ақпандағы

    № А-2/60 қаулысына

    1-қосымша

    Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Елді мекен
    Тәрбиеленушілер саны
    Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    болу режимі 10,5 сағаттық топта
    болу режимі 9 сағаттық топта
    санаторлы топта
    түзету түріндегі топта
    жарты күн болатын топта
    Қала
    20819
    56 327 теңге
    51 911 теңге
    83 983 теңге
    100 831 теңге
    24 884 теңге
    Ауыл
    18382
    62 695 теңге
    57 572 теңге
    94 596 теңге
    114 097 теңге
    27 714 теңге

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 25 ақпаңдағы

    № А-2/107 қаулысына

    2-қосымша

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2022 жылғы 8 ақпандағы

    № А-2/60 қаулысына

    2-қосымша

    Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері

    Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
    3 жасқа дейін
    3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін
    жарты күн болатын топта
    15 499 теңге
    19 052 теңге
    9 526 теңге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.