Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 ақпан 2025 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақсан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

    Г. Нурмухамбетов

    Солтүстік Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 28 ақпандағы

    № 54 Қаулысына

    қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар

    Ма­ман­дық­тың ата­уы
    1
    Аку­ше­рия және ги­не­ко­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    2
    Пе­ди­ат­рия
    3
    Оф­таль­мо­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    4
    Кар­дио­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    5
    Ере­сек­тер он­ко­ло­ги­я­сы
    6
    Ото­ри­но­ла­рин­го­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    7
    Эн­до­кри­но­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар)
    8
    Нео­на­то­ло­гия

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.