«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларын және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары бекітілсін.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын дайындау, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну
және алдын ала бағалау
қағидаларына
5-қосымша
Бағалаудың жиынтық кестесі ___________________________________________________ (заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)
|
Өлшемшарттар және өлшемшарттардың құрамдас бөліктері
|
Баллмен берілген ең жоғары баға
|
Өзін-өзі баллмен бағалау
|
Балл түріндегі бағалар
|
||
|
Өңірдегі сарапта- малық топ
|
Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы
|
Кәсіпорындарға бару қорытындылары бойынша
|
|||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
Мүмкіндіктерді сипаттайтын өлшемшарттар (1-5)
|
500
|
||||
|
1. Көшбасшылық
|
100
|
||||
|
2. Стратегия
|
100
|
||||
|
3. Персонал
|
100
|
||||
|
4. Әріптестік және ресурстар
|
100
|
||||
|
5. Процестер, өнімдер және көрсетілетін қызметтер
|
100
|
||||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
Нәтижелерді сипаттайтын өлшемшарттар (6-9)
|
500
|
||||
|
6. Тұтынушы үшін нәтижелер
|
150
|
||||
|
7. Персонал үшін нәтиже
|
100
|
||||
|
8. Қоғам үшін нәтиже
|
100
|
||||
|
9. Бизнес үшін нәтиже
|
150
|
||||
|
10. Барлық өлшемшарттар бойынша баллдардың жалпы саны
|
1000
|
||||
|
Жиыны:
|
Тұжырымдар:_____________________________________
Ұсыныстар:_________________________________________
_______ жылғы «___» _____________
Т.А.Ә. ________________________________________________
(сараптамалық топ төрағасының қолы)
___________________________
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.