Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қаңтар 2016 ж.

    Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) «Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №923 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4981 болып тіркелген, 2015 жылдың 23 мамырында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған);

    2) «Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары индекстерінің атауларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 924 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4982 болып тіркелген, 2015 жылдың 23 мамырында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.