Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың ауласына шектеу шараларын белгілеу туралы» № 13 шешімінің күшін жою және шектеуді алып тастау туралы
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағы және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабындағы 8) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 045 ұсынысы негізінде Жетіарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың ауласындағы ірі қара малының құтырық ауруымен ауруды жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.
2.Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 13 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жетіарал ауылдық округінің әкімі
С. Кажиекберов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.