Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 ақпан 2025 ж.
«Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттарды айқындау туралы» Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № а-6/166 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерейментау ауданындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемшарттарды айқындау туралы» Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № а-6/166 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23177 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі
Н.Мукатов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.