«Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 ақпан 2025 ж.

    «Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығын күші жойылды деп тану (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26497 ретінде тіркелген).

    2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге міндетті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыру.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

    Ж. Элиманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.