Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 ақпан 2025 ж.
«Т.Рысқұлов ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №252 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Т.Рысқұлов ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4797 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Т. Рысқұлов ауданы әкімі
Е. Есиркепов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.