Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 «Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 ақпан 2025 ж.

    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 «Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4529 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген), Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жаңаөзен қаласының әкімі

    Ж. Қайнарбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.