Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 ақпан 2025 ж.

    Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 8 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

    2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» 2022 жылғы 16 ақпандағы № 1/39 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26829 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. «Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Е. Досаев

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы 26 ақпандағы

    № 1/212

    қаулысына қосымша

    Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

    1. Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 610-НҚ «Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

    2. Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

    Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.

    3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

    1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;

    Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

    V – газетте орналастырылатын, см2 есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

    200 000 данаға дейін – 1,3;

    100 000 данаға дейін – 1,15;

    50 000 данаға дейін – 1;

    30 000 данаға дейін – 0,9;

    20 000 данаға дейін – 0,8;

    10 000 данаға дейін – 0,65;

    5 000 данаға дейін – 0,5;

    2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;

    Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

    V – журналда орналастырылатын, см2 есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

    15 000 данаға дейін – 1,2;

    10 000 данаға дейін – 1,1;

    8 000 данаға дейін – 1;

    5 000 данаға дейін – 0,9;

    3 000 данаға дейін – 0,8;

    1 000 данаға дейін – 0,7.

    4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

    Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

    V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

    Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

    айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

    айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

    айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

    айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

    айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

    5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевизияда көрсетілетін қызметтің құны;

    Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының, сериясының базалық бағасы;

    V – телевизияда көрсетілетін, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

    Егер Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизияда көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевизиялық көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

    6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

    Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

    V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

    Алматы қаласының аумағында мемлекеттік

    ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік

    тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын

    қызметтердің құнын айқындау

    Әдістемесіне қосымша

    Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары

    Қыз­мет­тер­дің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    2025 жыл, тең­ге
    2026 жыл, тең­ге
    2027 және кей­ін­гі жыл­дар­ға, тең­ге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    Ал­ма­ты қа­ла­сы ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет) көр­се­ті­ле­тін (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Bn)
    шар­шы сан­ти­метр
    458
    496
    538
    2.
    Ал­ма­ты қа­ла­сы ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (жур­нал) көр­се­ті­ле­тін (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Bm)
    шар­шы сан­ти­метр
    321
    348
    377
    3.
    Ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­ле­тін (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Bi)
    сим­вол
    90
    97
    105
    4.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле- , ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (жа­ңа­лық сю­жет­те­рін шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    557 566
    604 959
    656 380
    5.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (ток-шо­улар­ды шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    52 952
    57 452
    62 336
    6.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (ой­ын-са­уық шо­ула­рын (му­зы­ка­лық, әзіл-сы­қақ бағ­дар­ла­ма­ла­ры) шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру)) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    97 316
    105 587
    114 562
    7.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (ре­а­ли­ти-шо­улар шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    83 005
    90 060
    97 715
    8.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (те­ле­ви­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    69 624
    75 542
    81 963
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (де­ректі фильм шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    214 669
    232 915
    252 712
    10.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (бей­не­ро­лик шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    се­кунд
    25 188
    27 328
    29 650
    11.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың мін­дет­ті тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (те­ле­хи­кая шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    се­рия
    9 159 200
    9 937 732
    10 782 439
    12.
    Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (жа­ңа­лық сю­жет­те­рін шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    153 645
    166 704
    180 873
    13.
    Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (ток-шо­улар­ды шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    81 631
    88 569
    96 097
    14.
    Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (ой­ын-са­уық шо­ула­рын (му­зы­ка­лық, әзіл-сы­қақ бағ­дар­ла­ма­ла­ры) шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру)) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    97 116
    105 370
    114 326
    15.
    Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (ре­а­ли­ти-шо­улар шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    92 000
    99 820
    108 304
    16.
    Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (те­ле­ви­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    48 315
    52 421
    56 876
    17.
    Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (де­ректі фильм шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    ми­нут
    125 137
    135 773
    147 313
    18.
    Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (бей­не­ро­лик шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    се­кунд
    32 630
    35 403
    38 412
    19.
    Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін (те­ле­хи­кая шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Btv)
    се­рия
    5 801 780
    6 294 931
    6 830 000
    20.
    Ра­дио­ар­на­да­ғы (ақ­па­рат­тық бағ­дар­ла­ма­лар­ды шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Br)
    ми­нут
    22 900
    24 846
    26 958
    21.
    Ра­дио­ар­на­да­ғы (аудио­ро­лик­ті шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру) қыз­мет (Br)
    се­кунд
    663
    719
    780

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.